ШЫМКЕНТТЕ 150 ОРЫНДЫҚ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

14
 Абай ауданындағы 150 орынға арналған мүгедектерді оңалту орталығының құрылысы өткен жылы желтоқсанда басталды. Жобаға сәйкес, нысан 5 блоктан тұрады. Жалпы, жер телімі 5,3 га аумақты құрайды. Орталықта сауықтыру мақсатындағы жүзу бассейні, спортзал, акт зал, 3 қабатты оңалту корпусы, асхана және 2 блоктан тұратын 2 қабатты стационар мен қосымша техникалық ғимараттар қарастырылған.
Қазіргі таңда нысанның жер жұмыстары жалғасып, уақытша ғимараттар орнату жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарына 30 жұмысшы, 29 арнайы техника жұмылдырылған. Ғимарат құрылысын 2026 жылы аяқтау жоспарланып отыр.