
Қазіргі таңда «Бадам» орман шаруашылығынан қызыл ағаш – 300, лягустра –4000, боз шырша – 100, форзиция – 500, раушан гүлі – 50, декоративті сәмбі –300 ағаш көшеттері алынып, аудан орталығына отырғызылу және олардың дұрыс өсіп-жетілуі үшін қажетті күтім жасау жұмыстары басталды. Бұл жұмысқа тұрғындар, еріктілер мен аудан жастары, мекеме қызметкерлері белсенді түрде атсалысуда.