ТҮРКІСТАНДА ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІКТЕРДІҢ КӨРМЕСІ МЕН МАСЛЕНИЦА МЕРЕКЕСІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

73
Түркістанда Алғыс айту күні құрметіне «Қоғамдық келісім» мекемесінің үйлестіруімен мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды. Оған Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров, зиялы қауым өкілдері, этномәдени бірлестік мүшелері қатысты.
Мерекеде этномәдени бірлестіктердің көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге облыс суретшілері мен қолөнер шеберлерінің туындылары қойылып, жұртшылық назарына ұсынылды.
Түркістан облысының славян мәдени орталығының өкілдері Масленица мерекесін атап өтті. Түрлі байқаулар мен сайыстар ұйымдастырылды. Арқан тартыс, жерге сурет салу, қуыршақтар байқауы өтіп, әндер шырқалып, би биленді. Үздік деп танылған белсенді қатысушылар марапатталды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі