ORDABASY: ҰЛТТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САНАҒЫ БОЙЫНША ЖИЫН ӨТТІ

19

Мемлекет басшысының 2023 жылғы 26 сәуірдегі өкіміне және Үкіметтің 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 1248 қаулысына сәйкес, 2025 жылғы 1 тамыз бен 20 қазан аралығында Қазақстан Республикасының ұлттық ауыл шаруашылығы санағын өткізу туралы шешім қабылданған.

Осыған сәйкес, бүгін аудан әкімі Азат Оралбаевтың төрағалығымен аудандағы 2025 жылғы Ұлттық Ауыл шаруашылығы санағын жүргізу жөнінде жиын өткізілді. Атаулы жиынға дербес бөлімдер, ауыл округ әкімдері мен ветеринария қызметкерлері қатысты.

Жиын барысында Ордабасы ауданының Статистика басқармасының басшысы Асхат Жолдасов ағымдағы жылы аудан бойынша Ұлттық Ауыл шаруашылығы санағын өткізу мәселелері талқылап, санақ жүргізуде басшылыққа алынатын ережелер мен талаптарын түсіндіру бойынша баяндады.

Аудан әкімінің орынбасары Мейрамбек Ақмұратов аудан бойынша жүргізілетін санақ науқанының мақсаты мен міндеттеріне, статистика басқармасымен бірге атқарылатын жұмыстар легін баяндап, санаққа енетін нысандардың тізімін ұсынды.

Қазіргі таңда аталған ауылшаруашылығы санағы бойынша арнайы аудан әкімінің тапсырмасымен Ордабасы ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 13 наурыздағы «2025 жылы Қазақстан Республикасының ұлттық санағын жүргізудің мәселелері туралы» №46н өкімімен жұмысшы штаб құрылған.

Жиын соңында аудан басшысы Ұлттық санақ бойынша жұмыстарды жандандыру қажет екенін айтып, тиісті бөлімдерге нақты тапсырмалар жүктеді.