МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫ ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСТІ

13

Бүгін Түркістан облыстық мәслихаты депутаттарының қала халқымен есеп беру кездесуі өтті. Кездесуде Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы төрағалық етті.

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 1-1-тармағына сәйкес, Мәслихат депутаттары жылына кемінде бір рет халық алдында мәслихаттың атқарған жұмысы, оның тұрақты комиссияларының қызметі туралы есеп беруі тиіс. Осыған байланысты бүгін Түркістан қаласынан сайланған сегізінші шақырылымдағы облыстық мәслихат депутаттары Бекарыс Шойбеков, Сүлеймен Арыстанов және Еркебұлан Хандиллаев халықпен кездесуге келді.

Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Бекарыс Ақсақалұлы жыл бойы атқарған жұмыстары туралы баяндама жасады.

Жиын соңында қала халқы тұрғын үй, электр жарығының жиі сөнуі, жаңа аумақтарға газ жүргізу және кәріз жүйесіне қатысты сұрақтарын жолдады. Депутаттар сауалдарға толық жауап беріп, өздеріне тиесілі көмек көрсететінін айтты.