ЕРІКТІ ЖАСТАР РАМАЗАН АЙЫНДА ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫНА ҚҰРМА МЕН СУ ТАРАТЫ

12

Түркістан қаласы ішкі саясат бөлімі мен “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен ерікті жастардың қатысуымен қала тұрғындарына ауыз ашар кезінде құрма мен су таратылды.

Ауыз ашарға су мен құрма тарату – бірлікті нығайтып, қоғамда адамгершілік пен рухани құндылықтарды арттыруға бағытталған маңызды іс-шаралардың бірі. Бұл қадам әрбіріміздің жанымызды жайландырып, басқаларға қол ұшын беру арқылы қоғамда сыйластық пен ынтымақтастық орнатуға ықпал етеді.