БАЛАЛАР БОЛАШАҚТЫҢ ШАМШЫРАҒЫ

Бүгін 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай аудан орталығы Темірландағы Орталық саябақта «Бақытты балалық шақ мекені» атты кең көлемді салтанатты іс-шара ұйымдастырылды.
Шараның басты мақсаты – балаларға мерекелік көңіл күй сыйлап, олардың шығармашылығы мен белсенділігін арттыру болды. Мерекелік бағдарлама саябақтың бас кіреберісіндегі арнайы орнатылған баннер маңында басталып, ертегі кейіпкерлерінің қатысуымен балаларды қарсы алумен жалғасты.
Аудан әкімі Азат Оралбаев балалар мен ата-аналарды мерекемен құттықтап, жарқын болашақ – бақытты балалық шақпен тікелей байланысты екенін атап өтті.
Бағдарлама барысында:
Ертегі кейіпкерлері мен театрландырылған қойылымдар ұсынылды;
«Өнер» мектебі оқушыларының хоры мен домбырашылар тобы өнер көрсетті;
Суретшілер, кітапхана, қолөнер және робототехника көрмелері ұйымдастырылды;
Оқушылар үйі дайындаған арнайы балалар лагері таныстырылды;
Таусоғар мен Желаяқ бастаған спорттық ойындар алаңында түрлі жарыстар өтті.
Шара соңында барлық қатысушылар сахна маңына жиналып, салтанатты бөлімге куә болды.
Іс-шара концерттік бағдарламамен жалғасып, балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.