Шыңғыс МҰҚАН, Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары: “БІЗДІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНДА ҚАНДАЙ АДАМ ЖҰМЫС ІСТЕЙТІНІН БІЛЕСІЗ БЕ?..”

1191

Шахматтан Қазақстанның 7 дүркін чемпионы, Тәуелсіз Қазақстанның әйелдер арасындағы алғашқы халықаралық гроссмейстері Guliskhan Nakhbayeva Президенттің кадрлық резервіне еніп, қала әкімінің шақыруымен, былтыр Шымкент қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары болып тағайындалды.

Бүгін қалаға ең жас гроссмейстер, әлемдік ТОП-20-ға кіретін Жансая Әбдумәлік келді.

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновпен бірге мектептерде шахмат сабағының өту барысымен танысты.

Естеріңізге сала кетсек, осы оқу жылында Шымкенттің мектептеріне үлкен жаңалық енді. Бастауыш сыныптарына аптасына бір рет шахмат сабағы өте бастады. Қазір қалада 90 мыңға жуық бастауыш сынып оқушысы шахмат өнерін үйреніп жатыр.

Бұл бастаманы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов екі апта бұрын Шымкентке келген сапарында жоғары бағалап, білім беру жүйесіне енген үлгілі өзгеріс екенін атап өтті.

 

 

ara24.kz