ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІНЕ ОРАЙ «ҮКІЛІ ДОМБЫРА» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

16
Түркістан қаласындағы «Достық үйінде» облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен этнос өкілдері арасында патриоттық сезімді арттыру, бірлік пен тұрақтылық, әділдік пен ынтымаққа бағытталған Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы және Ұлттық домбыра күніне орай «Үкілі домбыра» байқауы өтті. Аталған байқау Қазақстан халқы Ассамблеясының «Елтану» жобасын іске асыру және талантты домбырашыларды анықтау, сондай-ақ патриоттық сезімді арттыруды, бірлік пен тұрақтылық, әділдік пен ынтымақты арттыруға, облыстың мәдени имиджін көтеруге атсалысу, этнос өкілдеріне ұлттық өнерді насихаттау мақсатында өткізілді. Байқаудың ашылу салтанатында сөз алған Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Нұрсұлтан Сейтжанов іс-шараның маңыздылығына тоқталып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
– «Үкілі домбыра» байқауы – өнерді ұлықтайтын, рухты оятатын тағылымды шара. Бұл – тек өнер жарысы ғана емес, ұлттық мұраны дәріптеп, оны өскелең ұрпақтың бойына сіңірудің жарқын көрінісі. Қазақтың күй өнері – ғасырлар қойнауынан жеткен асыл қазына. Осы байқау арқылы біз сол қазынаны дәріптеп, жас таланттарға жол ашып отырмыз. Сондай-ақ, бұл жоба Қазақстан халқы Ассамблеясының «Елтану» ғылыми-ағартушылық бастамасымен үндесе отырып, этнос өкілдеріне де қазақ мәдениетінің терең мәні мен әсемдігін танытуға бағытталған. Бұл – бірлік пен рухани келісімді нығайтатын маңызды бастама, — деді басқарма басшысының орынбасары.
«Дәстүрлі ән орындау», «Күй орындау», «Терме орындау» сынды үш номинацияда өткен өңірлік байқауға қала, аудандардан келген өнерпаздар қатысып, бақтарын сынады.

Қазақстан – көпұлтты мемлекет. Онда көптеген ұлт пен ұлыс өкілдері бейбіт өмір сүруде. Елдің бірлігі мен тұрақтылығы қоғамдағы татулық пен ынтымақтастықтың басты негізі болып табылады. Қазақстандағы тұрақтылықты сақтау үшін мемлекет көпұлтты қоғамды біріктіретін саясатты қолдайды. Осы саясаттың аясында этносаралық келісімді нығайтуға бағытталған қоғамдық ұйымдар көп шаралар атқаруда. Бұл бірлік пен тұрақтылық елдің дамуына әсер етіп, болашаққа сеніммен қарауға мүмкіндік береді. Тұрақтылық дегеніміз – елдің саяси және экономикалық жүйесінің тұрақтылығы, қоғамдық тәртіптің сақталуы, заңның үстемдігі және азаматтардың құқықтарының қорғалуы. Қазақстандағы тұрақтылық елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына жағдай жасайды, инвестициялар тартуға, жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді. Елдің тұрақтылығын сақтау – әрбір азаматтың міндеті.

Әділдік – кез келген қоғамның маңызды қағидаты. Қазақстанда әділдік принциптері құқықтық жүйеде, саяси шешімдерде, және күнделікті өмірде орындалуы тиіс. Әділдік азаматтардың құқықтарын қорғау, әркімге тең мүмкіндіктер беру және әлеуметтік әділеттілік орнату арқылы жүзеге асады. Әлеуметтік әділдік ұлттың бірлігін нығайтады, себебі ол қоғамдағы алшақтықты азайтып, әр азаматқа құрмет пен қолдау көрсетуді қамтамасыз етеді. Кейінгі кезде қоғам кез келген әділетсіз шешімнің, не, билік, не қоғам өкілдерінің әділетсіз әрекеті қоғамға шырпы сияқты әсер етуі мүмкін екендігін көрсетіп отыр. Себебі, біз Жаңа Қазақстанды «Әділетті Қазақстан» деп жарияладық. Енді, осы ұстанымдағы халық та кез келген әділетсіздікке төзімсіз болатындығын ашық көрсетуде. Бұл – шынайы демократиялық қоғамға бет бұрудың бір көрінісі.

Ынтымақ – қоғамның біртұтастығын сақтайтын, әртүрлі топтарды ортақ мақсатқа біріктіретін құндылық. Қазақстанның көпұлтты және көпмәдениетті қоғамында ынтымақ пен өзара түсіністік ұлттар арасындағы татулық пен тұрақтылықты нығайтады. Ынтымақсыз қоғамда алауыздық пен қайшылықтар пайда болуы мүмкін, сондықтан мемлекет әрдайым бірлік пен келісімді сақтауға ұмтылады. Бір жақсысы, қазақ қалқы өзінің төл табиғатынан ынтымақшыл халық болып танылған. Халық осы қасиетін әлі де көздің қарашығындай сақтап келеді. Алайда, ол өзге тараптан, әсіресе, билік тарапынан қолдау таппаса – қазақтың «Төзімнің де шегі бар» дейтіндей асау халыққа айналып шыға келетіндей де бір мінезі бар екенін ескеру қажет. Қазақстанның бірлігі мен тұрақтылығы, әділдік пен ынтымақ, сенім мен жауапкершілік – елдің тұрақты дамуы мен гүлденуінің басты тіректері. Бұл құндылықтар елдің ішкі және сыртқы қауіпсіздігін нығайтып, қоғамның әл-ауқатын жақсартады. Қазақстанның болашағы осы құндылықтарды сақтау мен нығайтуға тікелей байланысты. Әрбір азамат осы құндылықтарды қолдап, олардың дамуына өз үлесін қосуы тиіс.

Егеменді ел Қазақстанның дұрыс дамуы оның ішкі тұрақтылығы мен халық арасындағы бірлігіне тығыз байланысты болады. Көпэтносты мемлекетімізде  көптеген ұлт пен ұлыс өкілдері бейбіт өмір сүріп жатыр. Еліміздің бірлігі мен тұрақтылығы қоғамдағы татулық пен ынтымақтастықтың дамуына басты негіз болып табылады. Қазақстандағы тұрақтылықты сақтау үшін мемлекет көпэтносты қоғамды біріктіретін саясатты қолдайды. Осы саясаттың аясында этносаралық келісімді нығайтуға бағытталған қоғамдық ұйымдар біраз жұмыстар атқаруда. Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті сақтау бағытында біраз жұмыстар атқарылуда.    Бірлік пен тұрақтылық елдің дамуына әсер етіп, болашаққа сеніммен қарауға зор мүмкіндік береді. Бірлік – ынтымағы мен берекесін тең ұстаған Қазақ елі үшін ең қастерлі ұғым.  Ғасырдан- ғасырға  мирас болып келе жатқан дана халқымыздың асыл қасиеті. Бабаларымыз ынтымақ пен татулықты, ортақ келісім мен ауызбірлікті, жарасымдылық пен сыйластықты әрдайым биікке көтеріп отырған. Халқымызда «Бірлігі бекем елдің берекесі мол болмақ» деген мақал да босқа  деп айтылмаған. Негізі татулықсыз, бірлік-берекесіз, ынтымақсыз ешқандай шаруа жүрмейді. Ауызбірлігі жарасқан ел ешбір  қиындыққа ұшырамайды.  Барша  халықтың  тілегі де, арманы да іштегі  бейбітшілігін сақтау, тату-тәтті өмір сүріп,  соғыс, жанжал отын шығармай,  тату-тәтті ынтымақ-бірлікте өмір сүру –  қазіргі кезеңнің  ең маңызды  мәселесі. Бірлік пен   ынтымақ – қоғамның бірлігін сақтап, әртүрлі топтарды ортақ мақсатқа жұмылдыратын құндылық. Қазақ халқы табиғатынан ауызбірлігі мықты, ынтымақшыл халық. Еліміздің  көпэтносты және көпмәдениетті қоғамында ынтымақ пен өзара түсіністік ұлттар арасындағы татулық пен тұрақтылықты арттырады. Ынтымақ-бірлік болмаған қоғамда алауыздық пен келіспеушіліктер пайда болмақ. Осыған сәйкес  мемлекет әрқашанда  бірлік пен келісімді сақтауды көздейді.Ал тұрақтылық дегеніміз елдің саяси- экономикалық жүйесінің тұрақтылығы. Қоғамдық тәртіптің сақталып, заңның үстемдігі және азаматтардың құқықтарының қорғалуы  сияқты мағынаны  білдіреді.  Қазақстандағы тұрақтылық елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және  инвестициялар тартуға, жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік жасайды. Елімізде   тұрып жатқан барлық  жан елдің тұрақтылығын сақтауға міндетті.