«Бір сынып — бір кабинет» талаптары сақталады
Шымкент қалалық Білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиеваның қатысуымен қалалық ақпараттық-коммуникациялық орталығында брифинг өтті.
Спикердің сөзінше, білім алушы ауырған жағдайда сынып қашықтықтан оқытуға жіберілмек. Науқас және байланыста болған ата-аналар жағдайында балалар қашықтықтан білім алады. Сондай-ақ, «бір сынып — бір кабинет» талаптары сақталады.
Сонымен қатар, Шымкент қаласының мектептеріндегі жалпы компьютер саны – 56 746 дана. Қазіргі таңда қала бойынша мектептерде орта есеппен 1 компьютерге келетін оқушы саны 4-ті құрайды. Ал бүгінде бейнебақылау, турникет және дабыл батырмаларын орнату жұмыстары жүргізілуде.
Айта кетейік, 2021-2022 оқу жылында мектептерді жаңа модификацияланған жабдықтармен қамтамасыз ету мақсатында үшінші мегаполисте 263 кабинет, 178 интерактивті тақта (50-физика, 95-химия, 82-биология, 13-STEM, 23-робототехника кабинеттерін) орнату жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде, жаңа модификацияланған жабдықтармен қамтылған пән кабинеттер үлесі 62,5 пайызды құрамақ.