АУДАН ӘКІМІНІҢ КЕЗЕКТІ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУЫ ӨТТІ

Отырар ауданы әкімінің ашық форматтағы жеке қабылдауы тұрақты түрде өткізіліп келеді. Бүгін аудан басшысы Қайрат Жолдыбайұлы кезекті рет азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, өтініштерін тыңдады. Қабылдауға жазылған 14 азамат өздерін толғандырған мәселелерді ортаға салып, шешімін табуына қолдау көрсетуін сұрады.
Қабылдауға құқық қорғау органдарының және аудандық бөлім басшылары мен жауапты ауыл әкімдері қатысып, мәселелердің тиістілігіне қарай жауап беріп отырды. Аудан басшысы әр тұрғынның мәселесін мұқият тыңдап, оларды тиімді шешу жолдарын түсіндірді және жауапты басшыларға нақты тапсырмалар берді.
Қабылдауға жазылған азаматтардың өтініштерінің басым көпшілігі әлеуметтік көмек алу, ағын су, жайылымдық жер, тұрғын үй алу, жұмыссыздық, жолдарды жөндеу, электр жарығының жиі сөнуі секілді мәселелер болды.
Тұрғындарды мұқият тыңдаған аудан әкімі әрбір мәселені жан-жақты қарап, заңдылығына қарай жауап берді. Бірқатар мәселелер сол жерде шешімін тауып жатса, кейбір мәселелердің оңтайлы шешілуі үшін тиісті бөлім басшыларына тапсырма беріп, өз бақылауында болатынын жеткізді. Тұрғындар тарапынан түскен ұсыныс-пікірлер мен өтініштер хаттамаға енгізілді.