Бірлік пен тұрақтылық – Түркістанның экономикалық өрлеуінің негізі

18
Қазақстанның қоғамдық өміріндегі бейбітшілік пен тұрақтылық – еліміздің даму жолындағы басты тіректердің бірі. Бұл құндылықтар Түркістан қаласының әлеуметтік-экономикалық серпінінде ерекше рөл атқарып отыр. Соңғы жылдары қалада инвестиция тарту, инфрақұрылым құру, туризмді дамыту және кәсіпкерлікті қолдау бағыттарында ауқымды жұмыстар жүзеге асуда.
Мұның барлығы елдегі қоғамдық келісім мен этносаралық татулықтың нәтижесі. Түркістан – тек рухани орталық емес, бүгінде өңірлік экономиканың драйверіне айналып келе жатқан шаһар.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, «Тұрақтылық – ең үлкен құндылық. Бұл – инвестиция тартудың, жаңа жұмыс орындарын ашудың және қоғамның тыныштығын сақтаудың басты шарты». Түркістанның бүгіні – ел бірлігі мен қоғамдық келісімнің нақты жемісі. Әлеуметтік-экономикалық өрлеу мен азаматтық бейбіт өмір сабақтаса отырып, қаланы болашақтың мәдени-экономикалық орталығына айналдыруда.Жалпы, көпұлтты еліміздегі тарихтың сын сағаттарындағы ұлтаралық келісімнің тұрақтылығы, ең алдымен, жергілікті халықтың ұлттық ерекшелігінде жатыр. Тәуелсіздік алған жылдардан бастап этносаралық және дінаралық тұрақтылық пен бейбітшілікті, келісім мен ынтымақтастықты сақтауға ерекше назар аударылып келеді. Ол азаматтардың діни сенімдеріне, таңдауына және ұстанымына заңды кепілдік береді. Сондықтан әр түрлі ұлттар мен ұлыстардың өкілдері қазір қара шаңырақтың мүддесіне қызмет етіп, елдегі ұлтаралық келісімнің сақталуына үлес қосқаны маңызды. Елдегі діни тұрақтылыққа қатысты дәстүрлі діндердің құндылықтары рухани бірлікке қызмет етеді. Қазақстандық моделдің сабақтастығы қазақ халқының мейірімділігі мен төзімділігінде, барлық Қазақстандағы этникалық топтардың татулығында, мақсаттары мен міндеттерінің ортақ құндылықтарында жатыр.

Биыл – Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл. Тұрақ­тылық пен бейбітшіліктің жаршысына айналған ұйымның мерейлі белесін мерекелеу аясында 150-ден аса іс-шара ұйымдастырылады. Бірақ бүтін елге маңызды датаны атап өтуде ысырапшылдық пен артық шығынға жол берілмейді. Бірлік, татулық және ынтымақ – елдігіміздің мызғымас тұғыры һәм мемлекетіміздің басты құн­дылығы. Қазақстан халқы Ас­самблеясы міне, осы идеология­ны сеніммен, жүйелі жүзеге асырып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та былтыр аталған ұйымның «Бір­лік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясында барша хал­қымыздың стратегиялық бағда­рының түпкі мәнін осы үш ұғым дәл әрі нақты білдіретінін, ел саясатының бұлжымас бағдары болып қала беретінін айтты.

«Ассамблея – ел бірлігін іс жүзінде орнықтыра түсетін тиімді құрылым. Бүгінде бұл – конституциялық мәртебесі бар маңызды қоғамдық орган. Ас­самблея өте ауқымды қайырым­дылық шараларын дер кезінде және жедел ұйымдас­тырып келеді. Мұның бәрі көп жылдық жүйелі жұмыстың нәтижесі екені сөзсіз.Ассамблея мүшелері «Қайы­рымдылық керуені» жобасы арқылы мұқтаж жандарға үнемі қолдау көрсетіп жүр. Былтырдың өзінде құны 1,7 миллиард теңге­ден асатын көмек берілді. Бірлігі мықты халықтың күш-қуаты азаматтардың бір-біріне деген осындай қамқорлығынан айқын көрінеді», дей келе Президент сөз арасында бұл құрылым өзін эт­носаралық келісім мен жалпы­ұлттық бірлікті нығайту жолында сындарлы саясат жүргізе алатын тиімді құрал ретінде танытқанын баса атап өтті.Әсіресе көктемгі су тасқыны кезіндегі Ассамблеяның белсенді әрі үйлесімді жұмысы өзара жанашыр, тілеулес болудың маңызын айқындай түсті.