Қазақстанда жүргізіліп жатқан бейбітшілік пен тұрақтылық саясаты ел болашағы – жастардың өмірлік ұстанымына тікелей әсер етуде. Бұл үрдіс Түркістан қаласында айқын көрініс тапқан. Рухани әрі мәдени орталық ретінде танылған Түркістанда жастарды бірлікке, келісімге және жауапкершілікке баулуға бағытталған бірқатар бастамалар жүзеге асырылуда. Осы ретте, Түркістан қаласында Жастар ресурстық орталықтары мен колледждерде “Бірлік – ел болашағы” атты пікірталастар, “Бейбітшілік ел жастарының таңдауы” атты форумдар мен кездесулер,
әлеуметтік желілерде еріктілердің бейбітшілікке шақыратын челлендждері мен видеожобалары ұйымдастырылуда. Сондай-ақ, Түркістан жастары қоғамдық келісім мен татулықты насихаттайтын мәдени флешмобтарға, патриоттық шерулерге қатысып келеді. Одан бөлек, әртүрлі этностар арасындағы мәдени көпірлер рөлін атқарып, достықты нығайтуға атсалысуда. Сонымен қатар, ерікті түрде мұқтаж жандарға көмек көрсету, қоршаған ортаны қорғау, тарихи мұраны дәріптеу бағыттарында белсенділік танытуда. Жастар арасында тұрақтылық пен татулықты дәріптеу – елдік сана мен патриоттық сезімді қалыптастырудың негізгі жолы. Түркістанда бұл үдеріс білім беру, мәдени іс-шаралар мен ақпараттық саясат арқылы жүйелі түрде жүргізіліп жатыр.
Мемлекет басшысы айтқандай: «Жастар – жаңа Қазақстанның іргесін қалайтын негізгі күш». Ал бұл күштің ішкі бірлігі мен рухани тұтастығы – ел тұрақтылығының кепілі. Түркістан жастарының бастамалары – болашаққа сеніммен қараудың үлгісі. Бұл қалада бүгін қалыптасып жатқан азаматтық жауапкершілік пен достық рухы – ертеңгі бейбіт өмірдің мызғымас іргетасы.Бүгінде Ассамблеяның институционалдық әлеуеті нығайып, ұйым жетекшілері мемлекеттік шешім қабылдау үдерісіне және реформаларды ілгерілетуге белсене араласа бастады. Бұл бір жағынан ҚХА-ның 30 жылда өткен трансформациясының басты жетістігі деуге болады. Мұны негізге алған Мемлекет басшысы Ассамблея қызметін халыққа түсіндіріп, одан әрі насихаттауға және азаматтарды ел бірлігін нығайту жолындағы ауқымды жұмысқа жұмылдыруға ұтымды пайдаланамыз деген еді. Сондай-ақ ол былтырғы 33 сессияда Үкіметке мерейлі белесті атап өтуге арналған іс-шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырды.
Осылайша Үкіметтің 2024 жылғы 24 қазандағы қаулысымен «Бірлік пен келісімнің 30 жылы» Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді. Мерекелеу сарыны көбіне ресми форматта ұйымдастырылып, елдегі этносаралық ынтымақ пен ауызбіршілікті ұйыстыруға бағытталды.
Атап айтқанда, ҚХА-ның ХХХІV мерекелік сессиясын, Мемлекеттік және қоғамдық наградаларды, «Мәдениетаралық және этносаралық бірлікті нығайту аясындағы мәдениет және өнер саласындағы үздік жұмыстары үшін» және «Мәдениетаралық және этносаралық бірлікті нығайту бойынша әдебиет және журналистика саласындағы үздік жұмыстары үшін» сыйлықтарын табыстау, ҚХА Кеңесінің кеңейтілген отырысын өткізу, өңірлік жоспарларды әзірлеу және іске асыру, «Ассамблея жастары» РҚБ-ның «Бірлік пен ынтымақтастыққа 30 жыл» қайырымдылық акциясы, «Жастар-Life» және «Елім менің» жобалары, «Сыр елі – достық мекені», «Бірлік-Единство.kz» республикалық жастар форумы, «Рақмет, Жер ана!» экологиялық акциясы, Францияның Париж қаласындағы ЮНЕСКО штаб-пәтерінде ҚХА қызметінің таныстырылымын ұйымдастыру сынды іс-шараларды өткізу көзделген. Ел бірлігін еселеп, ұйым беделін арттыра түсетін бұл бастамалар кемінде 1,5 млн адамды қамтиды деп жоспарланып отыр.