Түркістан – бейбітшілік пен келісімнің тірегі

41

Қазақстан халқының басты құндылықтарының бірі – ел ішіндегі тұрақтылық, қоғамдық келісім және ұлтаралық татулық. Тарих таразысынан қарасақ, осы ұлы мұраттардың бастауында тұрған мекендердің бірі – Түркістан қаласы. Бұл қасиетті өлке ғасырлар бойы сан түрлі мәдениеттің тоғысуына, діни көзқарастар мен этностардың бейбіт өмір сүруіне ұйытқы болып келді. Бүгінгі таңда Түркістан бұл миссиясын жаңаша деңгейде жалғастырып отыр. Түркістан – тек тарихи-мәдени орталық емес, бүгінгі заманда бейбіт өмір мен рухани келісімнің, этносаралық сыйластықтың нақты үлгісіне айналды. Мұнда өмір сүретін түрлі ұлт өкілдері ортақ құндылықтарды құрметтеп, бірлікті басты байлық ретінде қабылдайды. Қалада қалыптасқан толеранттылық пен өзара сыйластық мәдениеті – еліміздің ұйыса даму жолындағы жарқын көрінісі. Қазіргі таңда Түркістан облысында 30-дан астам этнос өкілдері өмір сүреді, әрқайсысының тілі мен мәдениеті, салт-дәстүрі заң жүзінде қорғалып, дамуына жағдай жасалған. Облыстық деңгейде жұмыс істейтін Достық үйлері, этномәдени бірлестіктер мен қоғамдық ұйымдар ортақ мүддеге қызмет етіп, мемлекет пен азамат арасындағы алтын көпір рөлін атқаруда. Бұл – Қазақстан халқы Ассамблеясының тиімді қызметінің өңірлік деңгейдегі көрінісі.

Мәдениет пен руханияттың ордасына айналған Түркістанда ұйымдастырылатын форумдар мен конференциялар да татулық идеясын насихаттауға бағытталған. Әсіресе жастар арасында ұлттық бірегейлікті қалыптастырып, отансүйгіштікке баулитын жобалар кең көлемде жүзеге асуда. Рухани кемелдік пен адамгершілік тәрбиені негіз еткен Қожа Ахмет Ясауи мұрасы – тек діни ілім ғана емес, қазіргі қоғамда келісім мен тыныштықты сақтау жолындағы парасатты ойдың қайнар көзі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Түркістан қаласы соңғы жылдары даму тұрғысынан тың серпін алып, жаңа өмірге қадам басты. Қаланың заманауи келбеті мен тарихи руханияты үндесіп, халықтың ынтымағы мен ел болашағына сенімі артып келеді. Бүгінгі Түркістан – өткеннің ұлылығын танытатын, келешекке бағыт беретін іргелі орталық. Қоғамдық келісім мен ел ішіндегі тыныштық – сырттан таңылмайтын, ішкі санамен орнығатын құндылықтар. Бұл құндылықтар Түркістан жұртшылығының күнделікті өмірінен, бір-біріне деген қамқорлығынан, елдік пен ерлікке толы ортақ мақсаттан анық байқалады. Сондықтан да, Түркістан – ынтымақтың шырағы, бейбітшілік пен бірліктің нақты тірегі. Ел ішінде тыныштық орнап, халық арасында өзара түсіністік пен қолдау салтанат құрғанда ғана ұлт тұтастығы нығаяды, мемлекет ілгерілейді. Түркістан қаласы осы жолда өзгеге үлгі болып, бүкіл елге рухани бағдар беріп отыр.

2025 жылы Қазақстан өз тарихындағы маңызды кезеңді — елдегі этносаралық келісім мен үйлесімділікті нығайтуда шешуші рөл атқарған және жалғастырып келе жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясының (ҚХА) 30 жылдығын атап өтуде. 1995 жылы негізі қаланған ҚХА көпұлтты Қазақстанда бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтауға, сондай-ақ әртүрлілік пен бірлікті бағалайтын қоғамның жаңа, инклюзивті моделін қалыптастыруға бағытталған бірегей институтқа айналды.1990 жылдардың басында Қазақстанда тәуелсіздіктің қалыптасуы тек экономикалық қиындықтармен ғана емес, сонымен қатар әртүрлі этникалық қауымдастықтар арасында жаңа қатынастар құру қажеттілігімен қатар жүретін күрделі ауысу кезеңін бастан өткерді.ҚХА-ның негізгі міндеті ұлттық бірлікті нығайтуға жәрдемдесу, өзара сыйластық пен толеранттылық идеясын ілгерілету, сондай-ақ этносаралық қақтығыстардың алдын алу болды. Ең маңызды мақсат әрбір азамат этникалық тегіне қарамастан, өзін үлкен және алуан түрлі қоғамның бір бөлігі ретінде сезінетін біртұтас қазақстандық ұлтты құру болды.30 жыл бойы Қазақстан халқы Ассамблеясы елдің саяси жүйесіндегі маңызды құралға айналды. Оның қызметі әртүрлі этникалық топтар арасындағы байланысты нығайту арқылы тұрақтылықты сақтауға және азаматтық қоғамды дамытуға бағытталған. Ассамблея әлеуметтік және мәдени саланы дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға белсенді қатысты.ҚХА әлемдік тәжірибеде теңдесі жоқ бірегей модель болып табылады.