ТҮРКІСТАНДА БАЙДАРКА ЖӘНЕ КАНОЭ ЕСУДЕН VI ЖАСТАР ОЙЫНДАРЫ БАСТАЛДЫ

16

Түркістан қаласындағы олимпиадалық стандарттағы ескек есу каналында Қазақстан Республикасының VI Жастар ойындары аясында байдарка және каноэ есуден жарыстар жалауын көтерді.

Су спорты сайысының салтанатты ашылу рәсіміне Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Айдос Қалтаев, сондай-ақ Түркістан облысы мен Шымкент қаласы ескек есу және желкенді спорт қауымдастығының төрағасы, облыстық су спорт түрлерінен олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Денис Жәрменов қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі.

Айтулы додаға еліміздің 10 өңірінен 93 спортшы қатысып, 34 медаль жиынтығын сарапқа салуда. Жарыстар 22–29 қыркүйек аралығында өтеді.