ТҮРКІСТАНДА РУХАНИ КЕЛІСІМ КҮНІНЕ ОРАЙ, СПАРТАКИАДА ӨТТІ

47

Түркістан қаласында 18 қазан – Рухани келісім күніне орай спартакиада өтті. Спорттық шарада облыстық дін істері басқармасының басшысы Рүстем Сабыржанұлы аталмыш күннің маңыздылығына тоқталып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Додаға ҚМДБ Түркістан облысы бойынша өкілдігі, «Сарыағаш медресе колледжі, «Балаби қари» Құран жаттау орталығы, Қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ мамандары, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ «Теология» факультеті, Түркістан, Кентау қалалары мен Мақтаарал ауданы және дін істері басқармасының спорттық командалары мен мекеме қызметкерлері қатысты. Олар екі кезеңнен тұратын шағын футбол және командалық арқан тартыс, сондай-ақ кір тасын көтеру мен қол күресінен өзара бақ сынасты.

Нәтижесінде, командалық есепте Түркістан қаласының қатысушылары 1- орынды иеленді. Жүлделі 2- орын «Сарыағаш медресе колледжіне» бұйырса, 3- орынды Қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ мамандары ие болды. Жеңімпаздар мен номинация иегерлеріне қаржылай сыйлықтар табысталды.