ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КОМИТЕТІНІҢ ШЕКАРА ҚЫЗМЕТІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰҚК ШЕКАРА АКАДЕМИЯСЫНА, РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫ ЖӘНЕ ТҮРІК РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖОҒАРЫ ӘСКЕРИ ОҚУ ОРЫНДАРЫНА ҮМІТКЕРЛЕРДІ ӘСКЕРИ ОҚУҒА ШАҚЫРАДЫ.

19

Оқуға құжат тапсыру және өзге де туындаған сұрақтар бойынша келесі мекен-жайлар бойынша хабараласуларыңызды сұраймыз:

  1. Шымкент қаласы, Қ.Төлеметов көшесі, №22. Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі Түркістан облысы бойынша департаменті. Қызметтік байланыс телефоны: 8 7252-983-03-88, ұялы телефоны: 8-701-567-83-83;
  2. Шымкент қаласы, Елшібек батыр көшесі, №114/1. Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі Төлеби ауданы бойынша шекара басқармасы. Қызметтік байланыс телефоны: 8 7252-249-066, ұялы телефоны: 8-776-003-62-01, 8-701-335-16-36, 8-775-908-57-22;
  3. Түркістан облысы, Мақтарал ауданы, Мырзакент кенті, Бейбітшілік көшесі, №300. Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі Мақтаарал ауданы бойынша шекара басқармасы. Қызметтік байланыс телефоны: 8-72541 60 036, ұялы телефоны: 8-701-724-21-88, 8-707-724-21-88, 8-701-429-18-00, 8-771-315-45-37.
  4. Түркістан облысы, Сарыағаш қаласы, Тұрсынқұлов көшесі, №21 а. Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі Сарыағаш ауданы бойынша шекара басқармасы. Қызметтік байланыс телефоны: 8 72537-2-41-27, ұялы телефоны: 8-702-608-62-62, 8-705-134-26-12

Әскери оқу – Отан алдындағы борышты өтеудің алғашқы және ең жауапты қадамы. Бұл жас ұрпақтың елге деген сүйіспеншілігін, патриоттық рухын және ерлік қасиеттерін қалыптастыратын маңызды кезең болып табылады.

Әскери оқуға шақырудың басты мақсаты – елдің қорғаныс қабілетін күшейтіп, болашақ офицерлер мен кәсіби әскерилерді даярлау. Әскери білім тек қару ұстауды емес, сонымен қатар тәртіптілік, батылдық, жауапкершілік және бірлік секілді асыл қасиеттерді үйретеді.

Жастар үшін әскери оқу – үлкен өмір мектебі. Мұнда олар командалық рухты сезініп, қиындыққа төтеп беруді, елін қорғаудың маңызын түсінеді.

Әскери оқуға шақыру – әр азаматқа берілетін мәртебелі мүмкіндік. Ол – туған жерге, халқына және мемлекеттің тәуелсіздігіне адал қызмет етудің бастауы.