Қыс-2025» қалалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы

2025 жылғы 12–13 қарашада Шымкент қаласында «Қыс-2025» қалалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді.
Оқу-жаттығу аясында азаматтық қорғау қызметтерінің өзара іс-қимылын пысықтауға бағытталған бірқатар практикалық іс-шаралар өткізу жоспарланған.
12 қараша күні сағат 11:00-де қала аумағында халықты құлақтандыру жүйесінің жұмысын тексеру мақсатында дабыл іске қосылады.
Құрметті қала тұрғындары! Сабыр сақтап, үрейге бой алдырмауларыңызды сұраймыз.








