ШЫМКЕНТТЕ МЕДИАСАУАТТЫЛЫҚТЫ ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

16

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінде «Халықтың медиасауаттылығын дамыту және медиасаласы мамандарының біліктілігін арттыру» тақырыбында семинар өтті. Іс-шараны ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, Шымкент қаласы әкімдігі және аталған жоғары оқу орны бірлесе ұйымдастырды.

Семинарға жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері мен баспасөз хатшылары және журналистика мамандығында оқитын студенттер қатысты. Олар алдымен университеттің мұражайымен, «Мұхтартану» орталығымен, Медиа қызметі орталығымен және бейнежазу кабинетімен (телестудия, фотостудия) танысты. Жиынды Медиа қызметі орталығының басшысы Айгүл Керімқұлова жүргізіп отырды.

Семинарда алғашқылардың бірі болып университеттің қоғаммен байланыс және мәдениет жөніндегі проректоры, педагогика ғылымдарының докторы Садыбек Бейсенбаев баяндама жасады. Садыбек Қалмаханұлы ең алдымен оқу орнының имиджін қалыптастыру мен жетістіктерін насихаттауда республикалық, облыстық және қалалық бұқаралық ақпарат құралдарының үлесі зор екенін атап өтті. «Осы сәтті пайдалана отырып, баршаңызға оқу орнының дамуына қосқан үлестеріңіз үшін шынайы алғыс білдіруге рұқсат етіңіздер», – деді.

Мұнан кейін Садыбек Қалмаханұлы университеттің Медиа қызметі орталығында заман талабына сай құрылымдық өзгерістер енгізілгенін және онда студенттерге подкаст түсіріп, бейнематериалдар әзірлеуге, тәжірибелік дағдыларын жетілдіруге толық жағдай жасалғанын айтты. Ал, Айгүл Керімбайқызы Медиа орталықтың қызметі мен құрылымы туралы ақпарат беріп, орталықтың оқу орнының дамуына қосып жатқан үлесін баяндады. Семинарға жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері мен баспасөз хатшылары және журналистика мамандығында оқитын студенттер қатысты. Олар алдымен университеттің мұражайымен, «Мұхтартану» орталығымен, Медиа қызметі орталығымен және бейнежазу кабинетімен (телестудия, фотостудия) танысты. Жиынды Медиа қызметі орталығының басшысы Айгүл Керімқұлова жүргізіп отырды.