«ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ 16 КҮН» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ

31

Бүгін біздің елімізде Біріккен ұлттар ұйымының Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы Конвенциясына сәйкес жыл сайын 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында өтетін «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенді іс-қимыл» атты жаһандық халықаралық науқаны басталады.

Бұл науқан әлемнің 180-нен астам елін біріктіреді және әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылық мәселелеріне назар аударуға, отбасылық құндылықтарды нығайтуға және халықтың қол жетімді қорғану шаралары туралы хабардарлығын арттыруға бағытталған.

Биыл науқан – «Әйелдер мен қыздарға қатысты цифрлық зорлық-зомбылықты тоқтату үшін бірігейік» – деген ұранмен өтеді. Цифрлық технологиялар біздің өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды, адамзат үшін жаңа мүмкіндіктер ашқанымен, қауіп-қатердің жаңа түрлерін яғни кибербуллинг, онлайн қудалау, жеке бастың деректері, суреттер мен бейнежазбаларды рұқсатсыз тарату, желіде қорлау және нәзік жандылардың жеке басына онлайн қауіп тудырып келеді.

Зорлық-зомбылық – қоғамның қауіпсіздігіне, адамның құқығы мен еркіндігіне тікелей қауіп төндіретін өзекті мәселе. «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» акциясы осы проблеманы азайтуға бағытталған халықаралық бастама болып табылады.

«Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» алғаш рет 1991 жылы ұйымдастырылды. Акция 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында өткізіледі.

 

  1. Зорлық-зомбылық түрлері

– Физикалық зорлық

– Психологиялық зорлық

– Экономикалық зорлық

– Жыныстық зорлық

Салдары

Зорлық адамның денсаулығына, психикасына және қоғамның тұрақтылығына зиян келтіреді.

Алдын алу жолдары

– Құқықтық сауаттылықты арттыру

– Қоғамдық мәдениетті қалыптастыру

– Құқық қорғау органдарының алдын алу шаралары

– Дағдарыс орталықтарының жұмысын күшейту

Зорлық-зомбылықтың алдын алу – қоғамның ортақ міндеті. «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» акциясы осы күрестің маңызды бөлігі болып саналады.