ШЫМКЕНТТЕ «ХАЛЫҚТЫ ОТАНДЫҚ ДӘРІ-ДӘРМЕКПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ – СТРАТЕГИЯЛЫҚ МАҢЫЗЫ БАР МІНДЕТ» АТТЫ ІС-ШАРА ӨТТІ

32

Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы мен Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы бірлесіп, аталған оқу орнында «Халықты отандық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету – стратегиялық маңызы бар міндет» атты тақырыпта кең ауқымды іс-шара өткізді. Фармацевтика саласының мамандары мен өндірістік кәсіпорындардың жетекшілері қатысқан жиында Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауында айтылған отандық фармацевтика өндірісін дамыту және инновацияларды қолдау бағыттары жан-жақты талқыланды.

Айта кетейік, қазір қалада Президент Жолдауын түсіндіру және талқылау жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Қала әкімінің орынбасары С. Құранбек бекіткен арнайы кестеге сәйкес кездесулер өтуде. Солардың бірі ретінде ұйымдастырылған бүгінгі іс-шараны Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының тәрбие жұмыстары және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Сәлім Ербол Қалтұрсынұлы ашып, қатысушыларды таныстырып өтті.

Жиында Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының медициналық ұйымдарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Кемал Нияз медициналық мекемелерді дәрілік заттармен үздіксіз қамтамасыз ету жайлы баяндама жасады. Кемал Айдарұлы өз сөзінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар саласындағы отандық тауар өндірушілерді қолдау мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі екенін айтты. Қазір қалада Президент Жолдауын түсіндіру және талқылау жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Қала әкімінің орынбасары С. Құранбек бекіткен арнайы кестеге сәйкес кездесулер өтуде. Сонымен қатар, мұның халықты қолжетімді әрі сапалы өніммен қамтамасыз етуге және денсаулық сақтау жүйесінде импортты алмастыруға мүмкіндік беретінін жеткізді.