ШАЯН ЕЛДІ МЕКЕНІНДЕ 300 ТҮП ТАЛ КӨШЕТТЕРІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

5

Бүгін Бәйдібек ауданының орталығы – Шаян елді мекенінде көгалдандыру жұмыстары аясында Рысқұлов көшесінің бойына жалпы 300 түп “Айланта” және жеміс ағаштары егілді.

Іс-шараға аудан әкімінің міндетін атқарушы Бақыт Қырғызалиев, аудандық мәслихат төрағасы Имангелді Түймебаев, аудан әкімі аппаратының басшысы Фазылбек Әуен, сондай-ақ ауданға қарасты түрлі мекемелердің қызметкерлері қатысты.

Көгалдандыру жұмыстарының мақсаты – елді мекеннің эстетикалық келбетін жақсарту, экологиялық тепе-теңдікті сақтау және тұрғындар үшін қолайлы ортаны қалыптастыру.

Аудан аумағында абаттандыру мен көгалдандыру бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.