ӘКЕ ЖОЛЫН ЖАЛҒАСТЫРҒАН ЖАС ТЕРГЕУШІ

223

Тергеуші болып қызмет атқару әр адамның қолынан келе бермейтін, жауапкершілікті талап ететін салалардың бірі. Арызданушылардың шағымдарды бойынша тез әрі жылдам түпкілікті шешім қабылдап, жан жақты толық объективті тергеп тексеруді жүзеге асыратын және кінәлі тұлғаның заң алдында жауапкершіліктен құтылмауына негіз болатын бірден бір тұлға ол – тергеуші. Облыс аумағында өз қызметін мақтан тұтатын, өзіне жүктелген міндетті абыройлы атқарып, түрлі алғыс хаттармен марапатталып жүрген жас тергеушілеріміз өте көп. Солардың бірі Шардара аудандық полиция бөлімінің тергеушісі Мұрат Төреханов .

Мұрат Сұлтанұлы Төреханов 19.01.1998 жылы Шардара ауданында дүниеге келген. 2016 жылы Шардара қаласы Мұхтар Әуезов атындағы ЖОМ мектебін үздік тәмамдап, балалық шағынан әкесіне еліктеп полицей боламын деген жас буын 2016 жылдың қыркүйек айында ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясына тергеу мамандығы бойынша оқуға түскен. Аталған оқу орнын 2020 жылы аяқтап, сол жылы Мактаарал аудандық полиция бөлімінің тергеушісі лауазымында алғашқы еңбек жолын бастаған. 2022 жылдан бастап қызметін туған өлкесі Шардараға ауыстырған аға лейтенант өзінің қызметіне деген адалдығының арқасында Түркістан облысына іссапармен келген ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың қолынан үздік танылғаны үшін арнайы алғыс хатпен марапатталып, «полиция капитаны» шеніне ие болды. Бұл өз кезегінде жас тергеуші үшін алға қарай ұмтылуға үлкен серпіліс.

— Тергеуші болып жұмыс атқарып жатқанымды мақтан тұтамын және бұл лауазымды өте қызықты әрі күрделі жұмыс деп санаймын. Бізден көмек сұраған азаматтардың уәждерін тыңдап, дұрыс қарым қатынаста сөйлесу қажет. Себебі ешкім полиция қызметкерлерінің көмегіне жайдан жай жүгінбейді. Сондықтан өзімді әрдайым олардың орнына қойып баға беріп көремін. Өзімнің практикамда болған бір қылмыстық істі айтар болсам, 2022 жылдың шілде айында Шардара АПБ қызметкерлерімен бірлесіп атқарылған жұмыс барысында Шардара ауданына қарасты тоғайлы алқапта бірнеше азаматтар заңсыз есірткі өсімдігін өсіріп жатқандағы жөнінде хабарлама келіп түсті. Аталған хабарлама бойынша дереу жедел тергеу тобымен бірге сол мекен жайға аттандық. 7 шақырым көлікпен 4 шақырымдай жаяу жүріп заңсыз есірткі өсімдігін өсірген орынға бардық. Қарап тексеру барысында аса ірі мөлшерде есірткі өсімдігін өсіргендер анықталып, қылмыстық іс 10 күнің ішінде сотқа жолданып, күдіктілер Шардара аудандық сотының үкімімен қылмыстық жауапкершілікке тартылған болатын. Осы сынды көптеген қылмыстық істерді тергеп, сотқа жолдаймын, — дейді полиция капитаны.

Мұраттың отбасы да Ішкі істер саласынан алыс емес. Зейнеткер әкесі Омаров Сұлтан Төреханович Учаскелік полиция бөлімінің инспекторы, Әкімшілік полиция бөлімшесінің бастығы лауазымында еңбек етіп, саналы ғұмырын құқық қорғау саласына арнаған болса, әпкесі Бибігүл Сұлтанқызы Түркістан облысы Полиция департаменті Анықтау басқармасының АМІЖ аға анықтаушысы полиция майоры шенінде қызмет атқарып келеді. Әке жолын қуып полицейлер әулетін жалғастыруды нық шешкен қарындасы Бақытгүл Сұлтанқызы қазіргі таңда ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясында білім алуда. Болашақ тергеуші. Бірлігі бекем шаңыраққа тек шуақты күндер кешуін тілей отырып, еліміздің қауіпсіздігі жолындағы қызметтері үшін алғыс білдіреміз!