АУДАН ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН «ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӘЛЕУМЕТТІК АКЦИЯСЫ ӨТУДЕ

20

Боралдай елді мекенінде «Халық заңгері» республикалық акциясы ұйымдастырылды. Іс-шара Боралдай ауылдық округі, Боралдай елді мекеніндегі Қаратау мәдениет үйінде өтуде. Тұрғындарға тегін құқықтық кеңес беруге бағытталған.

Шараға Бәйдібек ауданының прокуроры Мади Байтелиев, аудан әкімінің орынбасары Нұрпеис Ақбаев, аудан әкімдігінің бөлім басшылары, адвокаттар, заң кеңесшілері, нотариустар, сот орындаушылары мен мемлекеттік органдардың өкілдері қатысуда.

Тұрғындар түрлі сала бойынша сауалдарын қойып, нақты әрі заңды кеңестер алуда. Құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған.

Мұндай ашық форматтағы кездесулер халық пен құқық қорғау саласы мамандары арасындағы байланысты нығайтып, әлеуметтік әділеттілікті орнатуға ықпал етеді.