АУДАННЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ БАҒЫТЫНДА АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІС ӨТТІ

23

Бүгін аудан әкімінің міндетін атқарушы Бақыт Қырғызалиевтің төрағалығымен кеңейтілген аппарат мәжілісі өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасары, дербес бөлім, мекеме басшылары және ауылдық округ әкімдері мен мамандары қатысты.

Күн тәртібінде:

  1. 2025 жылға 10 айдың күтімімен негізгі индикаторлық көрсеткіштердің орындалуы туралы.
  2. Мансап орталығының атқарған жұмыстары
  3. Аусыл ауруына қарсы күрес жүмыстары және қаңғыбас ит-мысықтарды аулау
  4. Аудандағы күзгі көшет отырғызу жұмыстары бойынша қаралды.

Жиын барысында Бақыт Қырғызалиев күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті хаттамалық тапсырмалар беріп, жауапты тұлғаларға нақты мерзім белгіленді.

Мәжіліс соңында Бақыт Қырғызалиев берілген тапсырмалардың уақтылы әрі сапалы орындалуын басты назарда ұстауды тапсырды.