АУДАНДА СУ АРНАЛАРЫН ТАЗАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮЙЕЛІ ТҮРДЕ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

ҚР Президентінің ауыл аумақтарын дамыту және су ресурстарын тиімді басқару жөніндегі тапсырмасына сәйкес, Бәйдібек ауданында 2025 жылы жалпы ұзындығы 40,4 шақырымды құрайтын каналдарды механикалық тазалау жұмыстары жоспарға енгізіліп, кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда.
Бүгінгі күнге дейін:
«Бекбау» каналы – 9,5 км,
«Қарақожа» каналы – 3,5 км
толық тазартылды.
Алдағы кезеңде механикалық тазалау жұмыстары келесі су арналары бойынша жалғасады:
Жамбыл ауылдық округі бойынша
«Шыбыт» – 1,5 км
«Ақбастау» – 3,0 км
«Қызылсай» – 1,2 км
Боралдай ауылдық округі бойынша:
«Қаратас» – 5,0 км
«Жоғары Боралдай» – 8,7 км
«Көктерек» – 8,0 км
Аудан әкімдігі Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында суару инфрақұрылымын жақсартып, ауыл шаруашылығы алқаптарының өнімділігін арттыруға бағытталған жұмыстарды одан әрі жалғастыра береді.








