КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ІСТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

8

Бүгін Бәйдібек аудандық әкімдігінің кіші мәжіліс залында кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.

Комиссия отырысында аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы Нұрпеис Ақбаев төрағалық етіп, жиында хаттамалық тапсырмаларының орындалу барысы талқыланды.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудандық полиция бөлімі, ішкі саясат бөлімі, білім бөлімі, орталық аурухана, «Отбасын қолдау орталығы» КММ және №19 колледждің жауапты басшылары баяндама жасап, өз бағыттары бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде баяндады.

Комиссия мүшелері тарапынан бірқатар сұрақтар қойылып, ұсыныстар енгізілді.

Отырыстың қорытындысы бойынша тиісті мекемелерге алдағы жұмыс бағыттарын күшейтуге қатысты нақты тапсырмалар берілді.