ҚҰРМЕТТІ «FACEBOOK» ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІ ҚОЛДАНУШЫЛАР МЕН ДОСТАР.

66

«Facebook» әлеуметтік желісінде «Ордабасы Ауданы Әкімдігі» атты аудан әкімдігінің атынан және Арайлым Тоқбергенова атты азаматшаның атынан жалған парақшалар ашылып менің ар намысыма тиетін бірнеше мақалалар жарияланған.

Шындыққа жанаспайтын жалған мәліметтерді анықтау мақсатында жергілікті құқық қорғау органдарына арыз түсіріліп, қылмыстық іс тіркеліп, қазіргі таңда тексеру жұмыстары жүргізілу нәтижесінде Арайлым Тоқбергенова есімді азаматша еліміз бойынша анықталмады.

Дегенмен «Facebook» әлеуметтік желісінде жалған парақша ашып, әлеуметтік желіге жалған ақпарат таратқан тұлғаға көрінеу жалған ақпарат тарату жала жабу қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Ордабасы ауданы әкімдігінің ресми парақшасы 2013 жылдың қазан айынан «Ордабасы ауданы әкімдігі» (4,6 мың оқырман) атымен тіркеліп жұмыс жасаса, ал жалған (фейк) «Ордабасы Ауданы Әкімдігі» парақшасы 11 оқырманымен осы жылдың 18 мамырында ашылған.

Құрметті әлеуметтік желі қолданушылар! Жалған парақшалар ашып менің жеке басым туралы жалған ақпараттарға, жазылған посттарға сенбеуге шақырамын.

Алдағы уақытта тергеп тексеру нәтижесінің қорытындысын сіздермен бөлісіп, ресми хабарлама берілетін болады.

Азат Оралбаев,

Ордабасы ауданының әкімі