ҚҰРМЕТТІ ОРДАБАСЫ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!

79

Ордабасы ауданында «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына қатысу үшін өтінімдер қабылдау басталды.

Конкурс отбасылық өнегелі құндылықтар мен дәстүрлерді жаңғырту, отбасы мен некенің жағымды бейнесін санаға сіңіру және қоғамдағы отбасының мәртебесін арттыруға бағытталған. Конкурсқа қатысуға мүшелерінің еңбекте, спортта, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жетістіктері бар, сондай-ақ қоғамдық пайдалы қызметке қатысатын (волонтёрлік, қайырымдылық, меценаттық, тәлімгерлік) отбасылар жіберіледі.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар (өтінім, конкурстық материалдар) 2024 жылғы 15 маусымға дейін мына мекен-жайда қабылданады

Ордабасы ауданы, Темірлан елді мекені, аудандық ішкі саясат бөлімі, Қазыбек би көшесі, №1, Қажымұқан ауыл округі аппаратының ғимарат, Байланыс тел.: +77711430980

Конкурсқа қатысуға өтінім аудандық комиссияға (Комиссияның жұмысшы органы – Ордабасы ауданы әкімдігінің Ішкі саясат бөліміне) мынадай құжаттармен қоса беріледі:

1) ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері, балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері;

2) асырап алушы (қорғаншы) отбасылар үшін — жергілікті уәкілетті органның кәмелетке толмаған балаға қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеу туралы шешімінен үзінді көшірме;

3) неке қию туралы куәліктің көшірмесі;

4) ата-аналарының біреуі қайтыс болған жағдайда, қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі (бар болса);

5) балаларды тәрбиелегені үшін мадақтаулардың, белгілі бір жетістіктері үшін алған мадақтаулардың бар екенін куәландыратын құжаттардың көшірмелері;

6) заңды және (немесе) жеке тұлғалардың ұсыным хаттары (кемінде екеу);

7) отбасы мүшелерінің еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жоғары жетістіктерін куәландыратын құжаттардың көшірмелері;

8)қоғамдық пайдалы қызметке (волонтёрлік, қайырымдылық, меценаттық, тәлімгерлік) қатысуды растайтын құжаттардың көшірмелері;

9) дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім.

Ескерту:

1) қызметі Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған ұйымдардың құрамына кіретін (кірген) мүшелері бар;

2) бұрын сотталған мүшелері бар отбасылар конкурсқа қатыса алмайды.