ҚОШҚАРАТАДАҒЫ КӨПІРДІҢ ҚҰЛАУЫ БОЙЫНША ШҰҒЫЛ ШАРАЛАР ҚАБЫЛДАНДЫ

10

Келес ауданына қарасты Қошқарата ауылдық округі аумағында, Келес өзені арқылы өтетін облыстық маңызы бар КХ-20 автожолындағы көпір құлады.

Аталған жағдайға байланысты алдын ала қауіп белгілері анықталып, дер кезінде қабылданған шешімдердің нәтижесінде көпір арқылы көлік қозғалысы толық тоқтатылған болатын. Соның арқасында адам шығыны мен материалдық залалға жол берілген жоқ.

Оқиға орын алған сәттен бастап Келес ауданы әкімдігі тарапынан тиісті қызметтер шұғыл түрде жұмылдырылды. Қазіргі таңда төтенше жағдайлар қызметі, полиция және жергілікті атқарушы орган өкілдері оқиға орнында жұмыс жүргізіп жатыр. Ахуал толық бақылауда.

Алдағы уақытта аталған көпірді қалпына келтіру және көлік қатынасын қайта жолға қою мақсатында шұғыл ретке келтіру бойынша кешенді шаралар қабылданады. Сонымен қатар тұрғындардың қауіпсіз әрі үздіксіз қатынауын қамтамасыз ету үшін уақытша балама жолдар пайдаланылуда.

Жағдайға байлан