КЕЗЕКТІ АППАРАТ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ.

6

Бүгін, Қазығұрт ауданы әкімінің м.у.а. Мұхаммедғали Әшірбаевтың төрағалығымен кезекті аппарат мәжілісі өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, ауыл округтерінің әкімдері мен дербес бөлім басшылары қатысты.

Күн тәртібінде 4 (төрт) маңызды мәселе қаралды:

Күзгі әскерге шақыру жұмыстарының жүргізілу барысы;

2025 жылға арналған рейтингтік бағалау көрсеткіштерінің 12 айдың болжамды орындалуы және кіріс көздері мен берешек қарыздардың орындалуы туралы;

Елді мекендерді табиғи газға қосу мәселесі және өрт қауіпсіздігін алдын алуда тұрғын үйлерді аралау барысы туралы;

Мешіттер мен намазханалардың құжаттандыру жағдайы және басылымдарға жазылу барысы туралы.

Мәжіліс барысында көтерілген әрбір бағыт жан-жақты талқыланып, жауапты бөлімдер тарапынан нақты ұсыныстар мен іс-шаралар жоспары ұсынылды. Сонымен қатар Мұхаммедғали Әшірбаев, бөлім басшылары мен ауыл округі әкімдеріне белгіленген бағыттар бойынша нақты жұмыс жоспарын түзуді және оның уақытылы орындалуын қамтамасыз етуді жүктеді.