“ШЫМКЕНТ-ЦИРК” СУ АПАТЫНА ҰШЫРАҒАНДАРҒА ҚОЛ ҰШЫН СОЗДЫ…”

180


Су тасқынынан зардап шеккен жандарға қайырымдылық көмек көрсету мақсатында Шымкент Цирк арнайы қойылым қойды. “Қайырымдылықтан түскен қаржыдан су басқан аймаққа қол ұшын созуды азаматтық парыз санадық. Сондай-ақ, Ораза айында Шымкентте тұратын әлеуметтік тұрмысы төмен бірнеше отбасы балалары үшін цирк қойылымын тегін тамашалауға да мүмкіндік жасадық”- дейді Шымкент цирк басшысы Нурлан Адильхан. Ораза айында қос бірдей сауапты іс жасаған “Шымкент-цирк” ұжымына және оның басщысы Нұрлан ағамызға мың алғыс! Тағы бір тәнті болғанымыз бүгінгі цирк қойылымы күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасұлының рухына арналғаны. Иә, бұл да палуан атамызды ұлықтаған абзал іс болды. Игі істің басы-қасынан табылып, бастамаға қолдау білдірген Шымкент Қаласы Мәдениет Басқармасы басшысы Бауыржан бауырым әркез осылай жақсы істің жанынан табылып, сауапты істің жанаса жүргейсің!