ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУДАН ӘКІМДЕРІНІҢ САЙЛАУЫНДА ХАЛЫҚТЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ ЖОҒАРЫ

195

Бүгін Түркістан облысында төрт ауданда әкім сайлауы өтіп жатыр. Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған пилоттық негіздегі сайлау былтыр ауыл әкімдері арасында өтсе, биыл аудан басшыларын халық сайлауда. Күнгей өңірдегі науқанда дауыс берушілердің белсенділігі жоғары. Олардың қатарында ғасыр жасаған қариялар мен ең алғаш рет дауыс берген азаматтар да бар.

Бүгін республикамыз бойынша 45 аудан-қала әкімдерінің сайлауы өтіп жатыр. Оның қатарында Түркістан облысында Созақ, Бәйдібек, Мақтаарал және Шардара аудандары бар. Төрт аудандағы жалпы 185 сайлау учаскесі таңғы сағат 7:00-ден өз жұмыстарын бастап кетті. Барлық сайлау орындары материалдық-техникалық жабдықтармен толық қамтамасыз етіліп, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға да жағдай жасалған. Учаскелерде тәуелсіз бақылаушылар мен еріктілер белсенді жұмыс атқаруда.

Айта кетейік, төрт аудан бойынша жалпы 180 мыңға жуық дауыс беруші бар. Ал аудан әкіміне үміткерлердің саны – 12. Таңғы 07:00-ден басталған науқан кешкі сағат 20:00-ге дейін жалғасады.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі