ӘКІМ САЙЛАУЫ: ШАРДАРАДА 104 ЖАСТАҒЫ КЕЙУАНА ДАУЫС БЕРДІ

85

Бүгін Шардара ауданы Алатау батыр ауылдық округінің тұрғыны 104 жастағы Жібек Кожасова №869 сайлау учаскесіне келіп өз таңдауын жасады. Сондай-ақ, кейуана ауданның болашағы жарқын болуы тілеп бата берді.

Айта кетейік, Жалпы ауданда 44 109 азамат дауыс беру құқығына ие. Аймақта жалпы 33 сайлау учаскесі бар. Барлық дауыс беру орындары материалдық-техникалық құрал-жабдықтармен жабдықталған. Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға да учаскелерде толық жағдай жасалған.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі