БӘЙДІБЕКТЕ ҒАСЫР ЖАСАҒАН ҚАРИЯЛАР ӨЗ ТАҢДАУЛАРЫН ЖАСАДЫ

134

Бәйдібек ауданы, Борлысай ауылдық округіндегі №168 сайлау учаскесінің комиссия мүшелері жылжымалы жәшікпен 103 жастағы Қарашаш Тәжібаева мен 100 жастағы Шитібек Жұматаевтың шаңырағында болды.

Ғасыр жасаған Күміс әже мен Шитібек ата аудан әкіміне үміткерлерге дауыс беріп, өз таңдауларын жасады. Қариялар еліміздің келешегі кемелді, болашағы баянды, Тәуелсіздігі тұғырлы болуын тілеп, бата берді.

Айта кетейік, ауданда 50 сайлау учаскесі бар. Аудан бойынша 28 807 тұрғын сайлау құқығына ие. Қазіргі таңда бәйдібектіктердің науқанға қатысу белсенділігі жоғары.

Түркістан облысының Өңірлік комуникациялар қызметі