Мүгедек балалардың инклюзивті білім алуы маңызды

95

Түркістан облысының тұрғындарының назарына мүмкіндігі шектеулі адамдар қоғамда тең құқықты мүше бола отырып, ерекше қолдауды қажет ететіндігі жөнінде мәліметтерді ұсынамыз. Қоғамда бірінші жоспарда интеграциялау мәселелері бойынша мүгедектерді жұмыспен қамту болып табылады. Оларды жұмыспен қамту сұрақтарын шешу барлық елдерде іс жүзінде өзекті мәселе. леуметтік еңбек орындары үкіметтік емес ұйымдармен ұсынылады. Мұндай жұмыс орындары негізінен әлеуметтік қызмет көрсетумен байланысты болады. Мүгедектер де кәсіптік дайындықтан немесе қайта даярлаудан өтуге құқығы бар. Сондықтан олар өз еріктері бойынша жұмыспен қамтамасыз ету аудандық бөлімдеріне жіберіледі.Жұмыспен қамтамасыз ету және мүгедектерді әлеуметтік қорғау заңнамасына сәйкес мүгедектерді жұмысқа орналастыру сұрағын шешу мақсатында «мүгедектерге жұмыс орындарының квотасын анықтау туралы» қала әкімшілігінің қаулысы қабылданды. Осы қаулыға сәйкес меншік нысанының түрлеріне байланыссыз барлық ұйымдар жұмыс орындарының жалпы бөлігінің 3 пайызы  мүгедектерге квота  ретінде жұмыс орындарын белгілейді.Оңалту орталықтары жұмыстарын жеңілдету үшін балалардың келу кестесі құрастырылған, орын бөлу кезінде аймақтардан алдын-ала келетін өтініштер есептелген.

Әлемдік медицина туа бітті, ауыр дертке шалдыққан балалардың құлан-таза айығып кетпесе де оларды ортаға бейімдеуге болатынын алға тартады. Ол үшін логопед, дефектолог, невропатолог, педиатр сынды мамандардың жұмыла жұмыс істегені керек. Қоғамдық қор өкілдері балаларына қамқор болатын мұндай мамандарды табуды да өз мойындарына алып отыр.Бізге қолғабыс етуге ниетті екендіктерін айтып, хабарласатын мамандар баршылық.Сондай жандардың көмегіне сүйенбекпіз.

Қамкөңіл жандар қашан да жүрегін жылытатын жұбаныш іздейді. Өздеріне мұңдас, сырлас іздейді.Аналар бір-бірімен әңгімелесіп, шер тарқатқысы келеді.Елордада аутизм, церебралды сал ауруы секілді психоневрологиялық паталогиялары бар балаларды оңалтуға арналған орталық құрылса, дәл осы сұраныстар да өтелері сөзсіз. Қоғамдық қордың да, оған тіркелген атааналардың да қалауы осы.

Кез-келген бала, соның ішінде мүгедек бала да қоғам мен адамның көмегіне, қамқорлық пен махаббатқа құқығы бар.Ортадан жырақ қалған балаларда ондай қажеттілік одан да жоғары және де олардың кейбіреуі медициналық қызметкер мен педагогтың назарын үнемі қажет етеді. Медициналық сауықтыру ауру,жарақат,жарымжан болудың салдарын шешуге немесе жеңілдетуге бағытталған диагностикалық, емдік және сауықтыру іс-шараларының жиынтығын қарастырады.