Мүмкіндіктері шектеулі балалардың үйде білім алуын қамтамасыз ету маңызды

56

Түркістан облысының тұрғындарының назарына мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алуы және дамуы жөнінде мәліметтерді ұсынамыз. Қазіргі кезде Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі балалар көбінде арнайы мектеп интернаттарда білім алады. Жалпы мектептердегі мұғалімдер кемтар бала сыныпқа келген кезде оны қандай оқулықтармен оқытып, қандай әдістемелік құралдарды пайдаланады соны білмейді.Бұл мәселенің артынан туындайтын мәселе – кадр жеткіліксіздігі. Шындығында олар оқшауланған қоғамдық өмірге аса бейім емес.Мәселенің бұлай қалыптасуына бүгінгі қоғамның да кінәсі бар.Өйткені біз мүмкіндігі шектеулі жандарға мүсіркей қараудан арыла алмай келеміз. Жалпы білім беретін орта мектептерде олардың оқып, білім алуына жағдай жасау енді – енді қолға алына бастады. Инклюзивті білім берудің негізі мектептегі барлық балаға олардың ерекшелітерінен тыс сапалы білім беру болып табылады.

Инклюзивті білім беру жүйесін дамытуда «Мүгедектердің құқықтары туралы» Конвенция аясында инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық жоспарын жасап, сапалы білім алуды қамтамасыз ету үшін қоғамдық институттардың тәжірибесін ескере отырып, мүмкіндігі шектеулі жандарды үздіксіз оқытудың тұжырымдамасын жасау аса қажет болмақ.Мүмкіндіктері шектеулі балалардың үйде білім алуын қамтамасыз ету,жай және арнайы мектептерде оқуға мүмкіндігі жоқ балаларды қашықтықтан оқытуға жағдай жасау мемлекеттің басты мақсаттарының бірі болып табылады.Осыған орай мәселелерді шешу жолында әр мұғалім бағдарламаға сай шағын электронды оқулықтар дайындап ,үлгерімі төмен және мүмкіндігі шектеулі оқушылармен жеке жұмыс түрлерін жүргізгені жөн. Әр оқушының үлгермеу себебін анықтап , мүгедек баланың диагнозына қарай жұмыс жүргізсе, оқушының білімге деген құлшынысы артып, өзіндік дарындылығы айқындалады деп ойлаймын.Жаңаша білім берудің негізгі тәжірибелік міндеттерін шешуде мектептегі жаңалықтармен дамуды, қолданылған әрекеттер мен құралдардың тиімділігін диагностикалау негізінде анықтауға болады.Осыған байланысты педагогтар өз қызметінің обьектісіне әлеуметтік психологиялық және педагогикалық мінездеме беріп, танып, білумен зерттеу әдістерін меңгерулері керек . Әр оқушыға  арналған  жеке  даму  бағдарламасы олардың өзіндік дарындылығын ашып , өмірдегі өз орнын , өз мамандығын табуға көп көмек болар еді. Осындай орталықтар жұмысын жүйелеп отыратын, мүмкіндіктері шектеулі балалармен жұмыс істейтін медициналық педагогикалық орталықтарды көптеп ашса, кемтар балаларды зор қуанышқа бөлер еді.