СЫРБАЗ ДА СЫПАЙЫ СӘРСЕНБЕК

475
Ол 1951 жылғы 13 маусымда Бәйдібек ауданының Шаян ауылында дүниеге келген. Осын­да мектеп бітірді. Экономист мама­нд­а­ғы бойынша білім алды. Шаянда бірнеше ме­ке­меде қызмет істеді. Әскери борышын өтеп кел­ді.
Өзінің тындырымдылығымен, жұ­мыс­қа деген жауапкершілігімен елдің құрметіне бөленді.
1989 жылы қызмет бабымен Темірланға қоныс аударды. Осындағы аудандық еңбек және әлеуметтік қорғау бөлімінің басшысы қызметін атқарды. Мұнда да тәжірибелі, іскер азамат екендігін танытты.
1999 жылы аудан әкімі аппаратының жалпы бөлімінің меңгерушісі болып таңғайындалды. Ұқып­тылығы мен ыж­дағаттылығы арқасында аталған бөлімнің жұмысын жолға қойды. Кейіннен аудандық мұрағаттың басшы­лығына ауыстырылып, сол жерден зейнет­керлікке шыққан еді.
Иә, ол шын мәнінде осындай жан. Бір қалыпты жүреді. Артық әңгімеден аулақ. Кездесе қалғанда күлімсіреп аман­да­сады. Жаны таза жан. Жуырда Сә­кеңмен-Сәрсенбекпен Темірлан­да­ғы орталық саябақта жолығып қалдық. Жанында зайыбы Шы­нары бар. Саябақта ел тәуел­сіздігінің 30 жылдығы аясын­да әр ауыл округінің өнер­паздары аудан тұрғын­да­рына өнерлерін көрсететін іс-шара өтіледі.
Кезек Шұ­барсу ауыл округі өнер­паз­дарына келген. Соны та­ма­шалауға барғанбыз. Сәкең де осында жүр екен. Хал-жай сұрастық. Біраз әңгі­мелестік. Қанша дегенмен Шаянның тумасы ғой. Сәкең өнер дегенге елеңдеп келіпті. Үйінде отыра алмаған. Жаны таза жанның денсаулығым сыр беріп еді, көпшілік орында нем бар демей келгеніне сүйсіндік. Киімі мұнтаздай таза. Сырбаз қалпы. Көп­шілік­пен емен-жарқын әңгіме құрып отыр.
«Өмірде Абайша айтқанда, «ақырын жүріп, анық басатын», сөйтіп жүріп-ақ көзге кө­рін­бес көп іс тындыратын, есесіне сол сі­ңір­ген еңбегі мен атқарған қызметі үшін атақ-абырой «сұрамайтын» жандар болады. Мық­тыбек Сәрсенбекті солардың қатарына ой­ланбай қосар едік. Мінезі бірсыдырғы, кісі кө­ңілін жықпайтын, әдебі көргенділік пен тәр­биелілік сипатына сай оны қашан көрсеңіз де, кішіпейілділік пен қарапайымдылық қа­лыбынан айнымайды, жанашырлық таныта жай-жапсар сұрасып, елгезектіктігін біл­ді­реді. Біз мұндай пікірді қадірлі азаматтың жаратылыс болмысын біршама білген­дік­тен, қызмет барысында талай түйткілдерді ше­шу орайында тығыз араласып, кісілік әрі кі­шілік келбетін танып, білгендіктен айтып отырмыз».
Бұл жазбалар кезінде аудандық мә­дениет бөлімінің меңгерушісі қызметін ат­қарған, қазір зейнеткер Шахар Қаназа­р­ұлының «Ордабасы оттары» газетінің 2018 жылғы 18 тамыздағы 36 нөмірінде жария­лан­ған «Құрметке лайық жан» атты мақа­ласынан алынып отыр. Иә, Шахар заман­да­сы Сәрсенбек жәйлі осылай деп жазыпты. Сәкеңнің мінезін дөп басқан. Тани білген.
Шахар тағы не жазыпты деп ары қарай оқи бастадық.
«Кезінде Бадам ауыл округіндегі ешкімі жоқ, күнкөрістері төмен 6 қарттың жағдайы бәрімізді толғандырды. Егер де қоға­мы­мызда, соның ішінде жанымызда біреуге қолтықтан демеп жіберерлік көмек қажет етіліп жатса, қарлығаштың қанатымен су сепкеніндей, жанына жалау болып, тірші­лігінің тініне тірек жа­сау әрқайсымыз­дың аза­мат­тық борышымыз емес пе?! Біздің кейіп­ке­ріміз сол шақта аудан­дық еңбек және халық­ты әлеуметтік қорғау бө­лімінің бастығы /уа­қытында солай ата­латын/ еді. Ал мен Бадам ауыл округі әкімі ап­паратының қызметкері едім.
Құзырында осы түйткілдің түйінін тарқа­тып жіберерлік мүмкіндік бар шығар деп хабарлас­қаны­мызда, сөзге келместен бірден қолұшын созуға дайын екенін жеткізді. Тура бір өзімнің көкейтесті мәселемді шешкендей, риза болып қалдым. Сөйтіп, өзгеден көмек күткен жабырқау жандарға қалай демеу болудың жайы ойластырылды. Шағын қарт­тар үйін ашуға шешім қабылданды. Бұған Бадам қыш зауытының басшылығы да жете мән беріп, 3 бөлмелі жай бөліп берді.
Құр қаңыраған бөлмелермен іс бітпейді ғой, тұрмысқа қажетті заттар мен жабдықтау міндеті тұрды. Сәрсенбек түйткілді түбегейлі тарқату мақсатында бұған белсене араласты. Жатын төсектерді Шұбардағы кә­сіптік-техникалық училищесінің басшылығы ұсынды. Сондай-ақ, жаңа тоңазытқыш, кір жуа­тын машина, газ плитасы алынды. Шағын қарттар үйінің болашақ тұрғындары үшін арнайы 1 әлеуметтік қызметкер қажет екен. Мұны да Сәкең ұзаққа созбастан, оңтайлы тарқатты. Мұнда ешкімі жоқ, күнкөрісі төмен 6 қарт жатқызылды.
Олар­дың денсаулығын күнделікті тексеріп тұру үшін Бадам ауылдық емханасынан маман бекітілді. Ол кезде еліміз бойынша экономи­калық қиыншылықтардың белең алып, айлық жалақының, зейнетақының уақтылы берілмегені белгілі. Аталған қарияларға қатысты да осы жәйт ескеріліп, наубай­ханадан тегін нан таратылатын болды. Әрине, басқа да азық-түлікпен қамтамасыз ету ұйымдастырылды…
Осылайша арамыздағы басқадан көмек күткен қарияларымыздың өмірлік түйткілін шешіп, барлығымыздың көңіліміздің марқайғаны бар-ды. Бұл игі іс 5 жыл бойына жүзеге асырылып, адамшылықтың ақ туы желбіреді. Қызметтік міндет қана емес, азаматтық борыш үдесінен көрінгенімізді мақ­таныш тұтамыз. Осы жайда бір қария дү­ние­ден озып, жерлеуі лайықты ұйым­дастырылды. Екеуі Шымкент қаласындағы қарттар үйіне орналастырылды. Ал, үшеуі жақын туыстарының қолына табысталды. Осы имандылық, қайырымдылық шара­лар­дың басы-қасында біз әңгімелеп отырған Сәр­сенбек Мықтыбектей абзал азамат жүр­ген еді».
Бұл бүгінгі кейіпкеріміздің замандасы Шахар жазғандай, Сәрсенбектің ауданда атқарған бір ғана жұмысы еді.
Ол 1951 жылғы 13 маусымда Бәйдібек ауданының Шаян ауылында дүниеге келген. Осын­да мектеп бітірді. Экономист мама­нд­а­ғы бойынша білім алды. Шаянда бірнеше ме­ке­меде қызмет істеді. Әскери борышын өтеп кел­ді. Өзінің тындырымдылығымен, жұ­мыс­қа деген жауапкершілігімен елдің құрметіне бөленді.
1989 жылы қызмет бабымен Темірланға қСЫРБАЗ ДА СЫПАЙЫ
СӘРСЕНБЕК Ол 1951 жылғы 13 маусымда Бәйдібек ауданының Шаян ауылында дүниеге келген. Осын­да мектеп бітірді. Экономист мама­нд­а­ғы бойынша білім алды. Шаянда бірнеше ме­ке­меде қызмет істеді. Әскери борышын өтеп кел­ді. Өзінің тындырымдылығымен, жұ­мыс­қа деген жауапкершілігімен елдің құрметіне бөленді.
1989 жылы қызмет бабымен Темірланға қоныс аударды. Осындағы аудандық еңбек және әлеуметтік қорғау бөлімінің басшысы қызметін атқарды. Мұнда да тәжірибелі, іскер азамат екендігін танытты. 1999 жылы аудан әкімі аппаратының жалпы бөлімінің меңгерушісі болып таңғайындалды. Ұқып­тылығы мен ыж­дағаттылығы арқасында аталған бөлімнің жұмысын жолға қойды. Кейіннен аудандық мұрағаттың басшы­лығына ауыстырылып, сол жерден зейнет­керлікке шыққан еді. Иә, ол шын мәнінде осындай жан.
Бір қалыпты жүреді. Артық әңгімеден аулақ. Кездесе қалғанда күлімсіреп аман­да­сады. Жаны таза жан. Жуырда Сә­кеңмен-Сәрсенбекпен Темірлан­да­ғы орталық саябақта жолығып қалдық. Жанында зайыбы Шы­нары бар. Саябақта ел тәуел­сіздігінің 30 жылдығы аясын­да әр ауыл округінің өнер­паздары аудан тұрғын­да­рына өнерлерін көрсететін іс-шара өтіледі. Кезек Шұ­барсу ауыл округі өнер­паз­дарына келген. Соны та­ма­шалауға барғанбыз. Сәкең де осында жүр екен. Хал-жай сұрастық. Біраз әңгі­мелестік. Қанша дегенмен Шаянның тумасы ғой. Сәкең өнер дегенге елеңдеп келіпті.
Үйінде отыра алмаған. Жаны таза жанның денсаулығым сыр беріп еді, көпшілік орында нем бар демей келгеніне сүйсіндік. Киімі мұнтаздай таза. Сырбаз қалпы. Көп­шілік­пен емен-жарқын әңгіме құрып отыр.
«Өмірде Абайша айтқанда, «ақырын жүріп, анық басатын», сөйтіп жүріп-ақ көзге кө­рін­бес көп іс тындыратын, есесіне сол сі­ңір­ген еңбегі мен атқарған қызметі үшін атақ-абырой «сұрамайтын» жандар болады.
Мық­тыбек Сәрсенбекті солардың қатарына ой­ланбай қосар едік. Мінезі бірсыдырғы, кісі кө­ңілін жықпайтын, әдебі көргенділік пен тәр­биелілік сипатына сай оны қашан көрсеңіз де, кішіпейілділік пен қарапайымдылық қа­лыбынан айнымайды, жанашырлық таныта жай-жапсар сұрасып, елгезектіктігін біл­ді­реді. Біз мұндай пікірді қадірлі азаматтың жаратылыс болмысын біршама білген­дік­тен, қызмет барысында талай түйткілдерді ше­шу орайында тығыз араласып, кісілік әрі кі­шілік келбетін танып, білгендіктен айтып отырмыз».
Бұл жазбалар кезінде аудандық мә­дениет бөлімінің меңгерушісі қызметін ат­қарған, қазір зейнеткер Шахар Қаназа­р­ұлының «Ордабасы оттары» газетінің 2018 жылғы 18 тамыздағы 36 нөмірінде жария­лан­ған «Құрметке лайық жан» атты мақа­ласынан алынып отыр. Иә, Шахар заман­да­сы Сәрсенбек жәйлі осылай деп жазыпты. Сәкеңнің мінезін дөп басқан. Тани білген.
Шахар тағы не жазыпты деп ары қарай оқи бастадық.
«Кезінде Бадам ауыл округіндегі ешкімі жоқ, күнкөрістері төмен 6 қарттың жағдайы бәрімізді толғандырды. Егер де қоға­мы­мызда, соның ішінде жанымызда біреуге қолтықтан демеп жіберерлік көмек қажет етіліп жатса, қарлығаштың қанатымен су сепкеніндей, жанына жалау болып, тірші­лігінің тініне тірек жа­сау әрқайсымыз­дың аза­мат­тық борышымыз емес пе?! Біздің кейіп­ке­ріміз сол шақта аудан­дық еңбек және халық­ты әлеуметтік қорғау бө­лімінің бастығы /уа­қытында солай ата­латын/ еді. Ал мен Бадам ауыл округі әкімі ап­паратының қызметкері едім.
Құзырында осы түйткілдің түйінін тарқа­тып жіберерлік мүмкіндік бар шығар деп хабарлас­қаны­мызда, сөзге келместен бірден қолұшын созуға дайын екенін жеткізді. Тура бір өзімнің көкейтесті мәселемді шешкендей, риза болып қалдым. Сөйтіп, өзгеден көмек күткен жабырқау жандарға қалай демеу болудың жайы ойластырылды. Шағын қарт­тар үйін ашуға шешім қабылданды. Бұған Бадам қыш зауытының басшылығы да жете мән беріп, 3 бөлмелі жай бөліп берді. Құр қаңыраған бөлмелермен іс бітпейді ғой, тұрмысқа қажетті заттар мен жабдықтау міндеті тұрды. Сәрсенбек түйткілді түбегейлі тарқату мақсатында бұған белсене араласты. Жатын төсектерді Шұбардағы кә­сіптік-техникалық училищесінің басшылығы ұсынды. Сондай-ақ, жаңа тоңазытқыш, кір жуа­тын машина, газ плитасы алынды. Шағын қарттар үйінің болашақ тұрғындары үшін арнайы 1 әлеуметтік қызметкер қажет екен. Мұны да Сәкең ұзаққа созбастан, оңтайлы тарқатты. Мұнда ешкімі жоқ, күнкөрісі төмен 6 қарт жатқызылды. Олар­дың денсаулығын күнделікті тексеріп тұру үшін Бадам ауылдық емханасынан маман бекітілді. Ол кезде еліміз бойынша экономи­калық қиыншылықтардың белең алып, айлық жалақының, зейнетақының уақтылы берілмегені белгілі. Аталған қарияларға қатысты да осы жәйт ескеріліп, наубай­ханадан тегін нан таратылатын болды. Әрине, басқа да азық-түлікпен қамтамасыз ету ұйымдастырылды…
Осылайша арамыздағы басқадан көмек күткен қарияларымыздың өмірлік түйткілін шешіп, барлығымыздың көңіліміздің марқайғаны бар-ды. Бұл игі іс 5 жыл бойына жүзеге асырылып, адамшылықтың ақ туы желбіреді. Қызметтік міндет қана емес, азаматтық борыш үдесінен көрінгенімізді мақ­таныш тұтамыз. Осы жайда бір қария дү­ние­ден озып, жерлеуі лайықты ұйым­дастырылды. Екеуі Шымкент қаласындағы қарттар үйіне орналастырылды. Ал, үшеуі жақын туыстарының қолына табысталды. Осы имандылық, қайырымдылық шара­лар­дың басы-қасында біз әңгімелеп отырған Сәр­сенбек Мықтыбектей абзал азамат жүр­ген еді».
Бұл бүгінгі кейіпкеріміздің замандасы Шахар жазғандай, Сәрсенбектің ауданда атқарған бір ғана жұмысы еді.
Ол 1951 жылғы 13 маусымда Бәйдібек ауданының Шаян ауылында дүниеге келген. Осын­да мектеп бітірді. Экономист мама­нд­а­ғы бойынша білім алды. Шаянда бірнеше ме­ке­меде қызмет істеді. Әскери борышын өтеп кел­ді. Өзінің тындырымдылығымен, жұ­мыс­қа деген жауапкершілігімен елдің құрметіне бөленді.
1989 жылы қызмет бабымен Темірланға қоныс аударды. Осындағы аудандық еңбек және әлеуметтік қорғау бөлімінің басшысы қызметін атқарды. Мұнда да тәжірибелі, іскер азамат екендігін танытты. 1999 жылы аудан әкімі аппаратының жалпы бөлімінің меңгерушісі болып таңғайындалды. Ұқып­тылығы мен ыждағаттылығы арқасында аталған бөлімнің жұмысын жолға қойды. Кейіннен аудандық мұрағаттың басшы­лығына ауыстырылып, сол жерден зейнет­керлікке шыққан еді.
Ол марапаттан да кенде емес. Көп жыл­ғы мінсіз қызметі үшін Елбасы Н. На­зар­баев­тың Алғыс хатымен, облыс әкімінің, об­лыс­тық мәслихаттың, Ордабасы аудан­дық мәс­лихатының Мақтау Грамота­ла­рымен, «НұрОтан» партиясы облыстық, ау­дандық фи­­лиалдарының, облыстық мұ­рағат бас­қар­­ма­сының Құрмет Грамота­лары­мен, «Еңб­ек­тегі ерлігі үшін» медалімен ма­ра­пат­талған.
Иә, еңбегімен ел құрметіне бөленген Сәкең осындай абзал азамат. Сырбаз да салиқалы Сәкең жетпіс дейтін жасқа жетіпті. Абыроймен. Мен осындай едім деместен. Қарапайымдылықтың үлгісі ретінде Сәр­сен­бек Мықтыбекті қалай мақтасақ та жара­сады. Елге сіңірген еңбегін жария етуді ұната бермейтін Сәкеңнің кейбір сәттерін ғана газет оқырмандарына жеткізуді жөн көрдік. Төрт ұл мен бір қыздан 20 немере, 2 шөбере сүйіп отырған Сәрсенбек Мықтыбек деген мықтыңыз осындай, ағайын.
Нүридін ШӘМШІҰЛЫ,
өз тілшіміз.оныс аударды. Осындағы аудандық еңбек және әлеуметтік қорғау бөлімінің басшысы қызметін атқарды. Мұнда да тәжірибелі, іскер азамат екендігін танытты. 1999 жылы аудан әкімі аппаратының жалпы бөлімінің меңгерушісі болып таңғайындалды. Ұқып­тылығы мен ыждағаттылығы арқасында аталған бөлімнің жұмысын жолға қойды. Кейіннен аудандық мұрағаттың басшы­лығына ауыстырылып, сол жерден зейнет­керлікке шыққан еді.
Ол марапаттан да кенде емес. Көп жыл­ғы мінсіз қызметі үшін Елбасы Н. На­зар­баев­тың Алғыс хатымен, облыс әкімінің, об­лыс­тық мәслихаттың, Ордабасы аудан­дық мәс­лихатының Мақтау Грамота­ла­рымен, «НұрОтан» партиясы облыстық, ау­дандық фи­­лиалдарының, облыстық мұ­рағат бас­қар­­ма­сының Құрмет Грамота­лары­мен, «Еңб­ек­тегі ерлігі үшін» медалімен ма­ра­пат­талған.
Иә, еңбегімен ел құрметіне бөленген Сәкең осындай абзал азамат. Сырбаз да салиқалы Сәкең жетпіс дейтін жасқа жетіпті. Абыроймен. Мен осындай едім деместен. Қарапайымдылықтың үлгісі ретінде Сәр­сен­бек Мықтыбекті қалай мақтасақ та жара­сады. Елге сіңірген еңбегін жария етуді ұната бермейтін Сәкеңнің кейбір сәттерін ғана газет оқырмандарына жеткізуді жөн көрдік. Төрт ұл мен бір қыздан 20 немере, 2 шөбере сүйіп отырған Сәрсенбек Мықтыбек деген мықтыңыз осындай, ағайын.
Нүридін ШӘМШІҰЛЫ