Шымкентке келген әнші Ерке Есмахан мен жұбайы вакцина салдырды

343

Халықтың сүйікті әншісі Ерке Есмахан мен 91 тобының экс-солисі Азамат Зенкаев ковидке қарсы вакцина салдырды.

Жұлдызды жұп екпе салдыру үшін Шымкент қаласындағы №3 емханаға келген. Алдымен ерлі-зайыптылар емханада дәрігерлердің тексеруінен өтіп, қарсы көрсетілімдері жоқ болған соң

Sinopharm компаниясының “Vero Cell”вакцинасын салдырған.

“Шым қалада, осы емханада үш ұйықтасамда түсіме кірмепті вакцина салдырамын деп. Бірақ бұйырғаны болады”-дейді вакцина салдырған Ерке Есмахан.

«Сақтықта қорлық жоқ» дегенді ұстанатын Ерке Есмахан медициналық масканы тастамайтынын да айтып өтті. Сондай-ақ қауіпті инфекциядан қорғАну үшін қазақстандықтарды екпе салдыртуға шақырды.