“ЖЕТІ ЖЫЛДА ЖЕТІСТІРМЕГЕН ПРЕЗИДЕНТ, ЕШҚАШАН ЖЕТІСТІРМЕЙДІ…”

889


Жеті қасиетті сан ғой-дейді Түркістан қаласының “Құрметті азаматы” Өмірзақ Әметұлы ағамыз. Ордабасы, Түркістан, Сайрам, Шымкент сияқты бірнеше аудан-қаланы абыроймен басқарған Өмірзақ Әметұлының Президенттің бүгінгі жаңа Жолдауы жайлы сұрадық. ”Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын тыңдадым, өзін көрсететін адамға 7 жыл жеткілікті мерзім. Сондықтан да Президенттің 7 жыл мерзімге бір рет ғана сайлануы дұрыс шешім. Жеті жылда жетістірмеген Президент ешқашан жетістірмейді”-дейді ол. Иә, іскер Президент үшін 7 жыл уақыт өз мықтылығын дәлелдеп, халық игілігіне жұмыс істеуіне жеткілікті уақыт.
Ерсұлтан Әмірбек,
Түркістан облысы ҚХА жанындағы журналистер мен блогерлер клубының төрағасы