«Visit Shymkent» орталығының мамандары марапатталды

384

Жуырда «Шымкент тарихы мен ХХІ ғасырдағы даму көкжиегі» тақырыбында М.Әуезов атындағы ОҚУ-де ғылыми-практикалық конференциясы ұйымдастырылған болатын. Маңызды бейнеконференция отырысына «Visit Shymkent» орталығының басшысы Айдарәлі Раманов және Ерлан Умаров қатысып, мегаполисті туристерге танымал ету бағытында баяндама жасаған. Бүгін іргелі оқу орнының «Тәрбие жұмысы және жастар саясаты» департаментінің директоры – Сәкен Мәжінбеков, сала өкілдерін арнайы марапаттап, алғысын білдірді.

Сондай-ақ «30 тамыз – Конституция күні» мерекесі қарсаңында «Қызмет» кәсіподақ ұйымы тарапынан Бағдат Пардабай және Жұлдыз Жасұзақ арнайы марапатталды. Мәдени туризм – туризмнің ең танымал және жаппай түрлерінің бірі болып табылады. Елімізде мәдени туризм жеке бағытқа бөлініп, жыл сайын дамып келеді. Мәселен, ағымдағы жылы Шымкент қаласында орналасқан Абай атындағы қалалық орталық кітапханасы модернизациядан өткен болатын. Қаламыздың туристік әлеуетін дамытуда аталған орталықтың атқарып жатқан жұмыстары орасан. Мерейлі мереке қарсаңында марапатталып жатқан туризм саласының қызметкерлеріне сәттілік тілейміз.