ҚАЛА БЮДЖЕТІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

10

Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаевтың төрағалығымен Сарыағаш қаласы аумағынан сайланған аудандық мәслихат депутаттарымен кездесу өтті. Жиынға аудандық мәслихат депутаттары Б.Мырзалиев, Қ. Жүсіпов, Д. Оспанова, Ө. Сыдықов, Ж. Баянов, Сарыағаш қаласының әкімі А. Ешанқұл, ауданның экономика және қаржы бөлімінің басшысы А. Мұратовтар қатысты.

Кездесу барысында «2026 жылға арналған аудандық бюджетті бекіту» мәселесі жан-жақты талқыланды. Сонымен қатар, депутаттар өз сайлау округтері бойынша тұрғындарды алаңдатқан өзекті мәселелерді көтеріп, оларды шешуге қатысты ұсыныстарын жеткізді. Қатысушылардың пікірлері тыңдалып, ұсынылған мәселелер бойынша нақты бағыттар айқындалды.

Жиын қорытындысы бойынша аудан әкімі ұсыныстарды назарға алып, оларды жүзеге асыру үшін қала әкімі мен тиісті бөлім басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.