ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУДА АЗАМАТТАРДЫҢ ӨТІНІШТЕРІ ТЫҢДАЛДЫ

6

Төлеби ауданы әкімінің орынбасары Бағдатбек Жанғазиев тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдау «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы негізінде, азаматтардың өтініштеріне дер кезінде жауап беру және жергілікті деңгейде тиімді кері байланыс орнату мақсатында ұйымдастырылды.

Қабылдау барысында тұрғындар электр энергиясының тұрақтылығы, ауыз су мен табиғи газбен қамтамасыз ету, түнгі жарықтандыру шамдарын қосу мәселелерін көтерді. Сонымен бірге, мемлекеттен берілген тұрғын үйді ауыстыру, тұрғын үй кезегін анықтау, кезекті қалпына келтіру және берілген пәтерді жекешелендіруге қатысты өтініштер талқыланды.

Бағдатбек Пердебайұлы қабылдау барысында әрбір азаматтың өтінішін жеке тыңдап, олардың мәселелерін заң аясында шешу үшін тиісті шаралар қабылдайтынын атап өтті.

Әкімнің орынбасары әрбір азаматтың мәселесін жеке тыңдап, тиісті бөлім басшыларына нақты тапсырмалар берді. Көтерілген мәселелер заң шеңберінде шешімін табатын болады. Барлық сұрақтар белгіленген тәртіп бойынша қаралып, орындалуы бақылауға алынады.

Төлеби ауданы әкімдігі тұрғындармен ашық диалог орнатуды жалғастырып, халықтың талап-тілегіне жедел және әділ жауап беру арқылы мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді нығайтуға басымдық береді.