ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫН ТАНУ ЖӘНЕ ЗАҢСЫЗ ҚҰРЫЛЫС МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Бүгін Төлеби ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудандық сот төрағасы Ғани Байарыстанның төрағалығымен құқықтық және қала құрылысына қатысты бірқатар мәселелер бойынша кеңейтілген мәжіліс өтті.
Жиынға аудан әкімінің орынбасары Бағдатбек Жанғазиев, полиция бөлімінің басшысы Ғалымжан Қуашбаев, қала және ауылдық округ әкімдері, бөлім және мекеме басшылары қатысты.
Мәжіліс барысында меншік құқығын тану, қайтыс болу фактісін анықтау, заңсыз құрылыстармен жұмыс сияқты өзекті бағыттар қарастырылып, жауапты органдардың өзара үйлестіруін күшейтуге ерекше назар аударылды.
Меншік құқығын тану
Аудан аумағындағы бірқатар нысандарға қатысты сот тәжірибесі талданып, құқықтық кедергілерді жою және мемлекеттік органдардың өзара әрекеттестігін арттыру қажеттігі атап өтілді.
Қайтыс болу фактісін анықтау
Құжат айналымын жеңілдету, рәсімдерді жеделдету және ауылдық округтерден келетін өтініштерді жүйелеу бойынша ұсыныстар енгізілді.
Заңсыз құрылыстармен жұмыс
Аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Құттымұрат Тұрғынбаев заңсыз салынған нысандарды анықтау, оларды сүру және талап арыздарды дайындау тәртібі туралы баяндама жасады.
Заңсыз құрылыстардың алдын алу үшін бақылауды күшейту қажеттігі айтылды.
Мәжіліс барысында қала және ауылдық округ әкімдері өзекті мәселелер бойынша сұрақтар қойып, аудандық сот төрағасы Ғани Доғдырбайұлы барлық сұрақтарға толық жауап берді.






