Бүгін «Шаңырақ» бағдарламасы бойынша несиелік баспанаға өтінімдер қабылдау аяқталады

639

Шымкент қаласында тұрғын үй кезегіндегі азаматтар үшін «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Шаңырақ» бағыты арқылы несиелік баспанаға тікелей сату бойынша өтінімдер қабылдау 13 тамыз күні басталған болатын. Бүгін, 23 тамыз күні несиелік баспанаға өтінімдер қабылдау сағат 23:00-де аяқталады.

Бұған дейін аталған бағыт бойынша 2021 жылы «Отбасы банкі» өзінің интернет ресурстары арқылы тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар арасында 27 тұрғын үйді сату бойынша 3 кезең арқылы өтінімдер қабылдау жүргізіліп, 1240 өтінім қабылданған. Қазіргі таңда 1 және 2 кезең қатысушылары сатып алу туралы келісім шартын жасасуда.

Айта кету керек, аталған бағыт бойынша алғашқы жарна үй құнының 10 %, несие 5 % беріледі. Баспана құнының 1 шаршы метрі 200 000 теңгені құрайды.