ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫЛЫҚТАР АЛҒЫС АЙТУ МЕРЕКЕСІН КЕҢ КӨЛЕМДЕ АТАП ӨТТІ

Бірлік пен татулық мекені Ордабасы ауданында Алғыс айту мерекесі Шәмші аллеясында ерекше аталып өтті. Бұл мерекелік жиын Қазақстан халқының бірлігі мен татулығын нығайтуға бағытталған ерекше күннің маңыздылығын айшықтайды.
Салтанатты шараға аудан әкімі Азат Оралбаев, аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағалары, құқық қорғау орган басшылары, түрлі этнос өкілдері, аудан тұрғындары мен қонақтары қатысты. Аудан басшысы айтулы мерекеде еліміздегі ынтымақ пен бірліктің жасай беруін қазақстандық патриотизмнің, достық пен бірлігіміздің мызғымастығын ұлықтап жүрген барша ордабасылықтарға шынайы құттықтауын жеткізді.
Мерекелік шарада қазақтың мен этнос өкілдерінің ұлттық тағамдары қонақтарға ұсынылды. Ұлттық нақышта әсемделген қолөнер көрмесі ұсынылып, спорт шарасымен жалғасты. Аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары дайындаған концерттік бағдарлама жиналған қауымға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Бүгінгі таңда Ордабасы ауданында 4 мыңнан астам 18 ұлт өкілі тату-тәтті өмір сүріп келеді. Сонымен қатар ауданда славян, түрік және күрді этно мәдени орталығы, Қазақстан халқы ассамблеясының Ақсақалдар кеңесі, аналар кеңесі жұмыс жасайды.
Шара соңында «Шәмші», «Ана мен бала» аллеясында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында экологиялық акция ұйымдастырылып, аудан әкімі Азат Оралбаев жиналған жұртшылықпен бірге ағаш егу науқанына қатысты.
Айта кетейік, «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында өткен көгалдандыру және тазалық жұмыстарына 4500-ге жуық адам қатысты. Тазалық шарасында 75 шақырым көше бойлары мен ирригациялық жүйелер қоқыстан тазаланды. Нәтижесінде 21 150 түп көшет отырғызылып, 28 тонна қоқыс арнайы орынға шығарылды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі


