ЕЛ БІРЛІГІ – ҰРПАҚҚА АМАНАТ

Бүгін Шымкент қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде «Ел бірлігі – ұрпаққа аманат» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.
Конференцияның басты мақсаты – Қазақстан халқы Ассамблеясының еліміздегі этносаралық келісім мен мәдениетті дамытудағы рөлін көрсету, ұрпақтар сабақтастығын нығайту, ұлттық бірлік пен көпмәдениетті қоғам мәселелерін талқылау болды. Сонымен қатар, шара барысында жас ұрпаққа ел бірлігі мен патриотизмнің маңыздылығын түсіндіру және этносаралық татулықты нығайту жолдары жайында пікір алмасу көзделді.
Конференцияға Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің Басқарма төрағасы, Ректордың міндетін атқарушы, қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Гүлжан Сүгірбаева, Шымкент қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, Шымкент қаласы өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Тахирбек Нишанбаев, Шымкент қаласы ҚХА жанындағы Ақсақалдар кеңесі төрағасының орынбасары Батырбек Жалмұрзаев, Шымкент қаласының құрметті азаматы, қалалық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің мүшесі Роза Пак, «Ахыска» қалалық түрік этномәдени бірлестігі Абай аудандық филиалының төрағасы Оразбай Камалов, филология ғылымдарының докторы, доцент Валентина Нарожная, Ө.Жәнібеков атындағы ОҚПУ департамент директоры, қалалық ҚХА жанындағы Ғылыми-сарапшылық топтың жетекшісі, тарих ғылымдарының кандидаты Қайрат Анарбаев , белгілі ғалымдар мен қоғам қайраткерлері қатысты.
Конференция барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылу тарихы, оның еліміздегі қоғамдағы рөлі, сондай-ақ болашақта атқаратын маңызды міндеттері мен жүзеге асырылуы тиіс ауқымды жобалары талқыланды. Сонымен қатар, этносаралық татулықты сақтау мен көпмәдениетті қоғамды дамыту бағытында қабылдануы тиіс шаралар да сөз болды.
Қатысушылар өзара пікір алмасып, еліміздегі бірлік пен келісімді нығайту, әртүрлі этностар арасындағы ынтымақтастықты дамыту бойынша өз ойларын білдірді.
Қоғамдық келісім баспасөз қызметі
ҚХА30жыл #30летАНК #Шымкент #Shymkent


