Шымкент: Тоғыз жүздей хаттама толтырылды

841

Мемлекет басшысы Қ. К.Тоқаев өзінің Жолдауында пандемияның ел экономикасына ауыр тиіп жатқанына қоса азаматтарымыздың өмірін жалмап жатқандығын, сондықтан да әрбір қазақстандық карантин режимін сақтауы тиістігін, құқық қорғау органдары карантин кезінде құқық бұзушылықтың алдын алып, жолын кесуі керектігін айтқан болатын.

Шымкент қаласында жыл басынан бері карантин талаптарының қатаң сақталуын, оны бұзуға жол бермеу шараларын қарастырып, мобильді топтар, полиция тексеріс рейдтерін үздіксіз жүргізіп келеді. Шымкент қаласы Полиция департаментінің Әл-Фараби АПБ қызметкерлері тұрақты түрде аудан аумағындағы стихиялық сауда орындарында профилактикалық іс-шаралар жүргізеді.

2021 жылдың басынан бері учаскелік полиция инспекторлары рейдтік жұмыстар барысында ҚР ӘҚБтК-нің 204-бабы (Белгiленбеген орындарда сауда жасау) бойынша 890 әкімшілік хаттама толтырды.

Сонымен қатар, тәртіп сақшылары заңсыз сауда жасау фактілерінің алдын алу және жолын кесу бойынша саудагерлер арасында түсіндірме жұмыстарын ұдайы жүргізуде.

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 204-бабына сәйкес жергілікті атқарушы орган белгіленген орындардан тыс жерде сауда жасауға ескерту немесе 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Ал осы құқық бұзушылықты бір жыл ішінде қайталап жасау 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.