ТҮРКІСТАНДА «ЕЛІМ ҮШІН ДҰРЫС ТАҢДАУ ЖАСАЙЫҚ!» КОНЦЕРТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ ӨТТІ

311

Қазақстан Республикасы Президентін Сайлауына орай «Елім Үшін дұрыс таңдау жасайық!» атты мәдени-концерттік шарасы бүгінде жалғасын тапты.

Яссы секторының тұрғындарына арналған кеш Түркістан жоғары медицина колледжінің акт залында өтті. Концерттік бағдарламада Түркістан қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары өнер көрсетіп, көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Яссы секторының меңгерушісі Адырбек Бименов сөз алып, осындай шараны ұйымдастырған Түркістан қалалық Мәдениет үйіне ерекше алғысын білдірді.

Патриоттық жанрда ән шырқалып, күміс-көмей әншілер туған ел, туған жер тақырыбында жүрек қылын шертер әндерді орындады. «Семсер» тобы толғауымен жастарға жігер берсе, елді ынтымақ пен бірлікке үндейтін әсем әндерде сахнаны сазды үнге бөледі.

Концерт соңында шараны ұйымдастырушылар сектор тұрғындарын 20 қараша күні бәріміз Сайлауға белсенділік танытып, атсалысып, қатысуға шақырды.