ТҮРКІСТАНДА ШАХМАТ ОЙЫНЫ ШЕБЕРІ ДАУЛЕТБЕК МАЙКОТОВТЫ ЕСКЕ АЛУ МАҚСАТЫНДА ШАХМАТТАН ЖАРЫС ӨТТІ.

322

Облыстық шахмат федерациясының бас төрешісі Асхат Майкотвтың ұйымдастыруымен өткен турнир көпшіліктің көңілінен шығып, жоғары деңгейде өткенінің куәсі болдық.

Бәріміздің ұстазымыз, шахмат ойынының хас шебері, жаттықтырушы ағамыздың әрбір сөзінен жанашырлық, ұрпақ тәрбиесіне деген қамқорлық сезіліп тұрады.

Қуанышбек ағайымның сенімін ақтау үшін барынша әрекет етуден жалықпаспын.

Қуанышбек аға, Президентіміз қолдап, шахматты дамытуға атсалып жатқанда облысымыз басшылары да оянып, қолға алатын шығар… Біздің көшеде де той болары сөзсіз, Қуанышбек аға! Мен сіздермен біргемін!

Қуанышбек ағайдың пікірі:

—Жарыс керемет ұйымдастырылды. Бас төреші Асхат Майкотов турнирды өте жоғары дәрежеде өткізді. Ұйымдастырушыларға шексіз алғысымды білдіремін. Алдағы уақытта осындай өте пайдалы турнирлер көбірек өтіп тұрса керемет болар еді. Шахматты қолдайтын спонсорлар болса тамаша болар еді. Нурислам, Димаш, Диас сияқты талантты жас шахматшыларға облыстық әкімшілігі тарапынан мықты материалдық қолдау көрсетілсе, балапандарымыз облысымыздың абыройын асқақтатар еді…Осыдан 1 жыл бұрын қалалық әкімшілік мықты турнир өткізіп еді, өкінішке орай, содан бері тыныштық орнады…Жаңа облыс әкімі осы өте өзекті мәселені қолға алып, мықты облыстық турнир ұйымдастырса керемет болар еді…Ол турнирды ұйымдастыру жолында керемет шахмат ұйымдастырушысы Алима Пашанова зор белсенділік танытып еді. Өкінішке орай, соңғы кезде Алима тіл, өнер жағына көбірек көңіл бөліп, шахматты дамытуға уақыты жетпей кеткен сияқты…Бірақ, алдағы уақытта облыс әкімшілігі мен шахматшылар арасындағы байланыс көпірі қызметін атқарып, Алима мықты облыстық турнир өткізеді деген сенімдемін…Барлық жас шахматшыларға желтоқсанның басында өтетін республика чемпионатына іріктеу жарысында СӘТТІЛІК